• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Қазақстан садақ атудан Азия кубогінде топ жарды

    Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогі жолындағы жарыс аяқталды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.

    Аталған жарыста ұлттық құрама он медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, бесеуі күміс және екеуі қола жүлде.

    Блоктық садақ атудан жекелей сайыста Павел Кузнецов алтын жүлде алса, Никита Ивлев күміс медальға ие болды.

    Әйелдер арасындағы жекелей бәсекеде Милана Бурлева екінші орын алды.

    Классикалық садақ атудан әйелдер арасындағы жекелей сайыста Александра Землянова үздік үштікті түйіндеді.

    Сондай-ақ ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық бәсекеде топ жарды. Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов пен Ислам Серікұлы бақ сынады. Ал әйелдер құрамасы күміс жүлдені иеленді.

    Бұл сайыста Милана Бурлева, Эльмира Раисова мен Аяжан Жақсылық ел намысын қорғады.

    Қазақстан аралас командалық бәсекеде де алтын жүлдегер атанды. Бұл сында Павел Кузнецов пен Эльмира Раисова өнер көрсетті.

    Бұдан бөлек, ерлер құрамасы классикалық садақ атудан командалық жарыста екінші сатыға жайғасты. Бұл бәсекеде Иван Берча, Рахымжан Қамар мен Санжар Ержанұлы бақ сынады. Назеркеш Әлібек, Ясмин Ғалиахмет пен Александра Земляновадан құралған команда әйелдер арасында күміс жүлде алды. Ал Иван Берча мен Александра Землянова аралас командалық жарыста жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *