• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Оңдасын Елубай

    «Намыс» клубының жауынгерлері ел намысын қорғады

    Үндістанның Пинджап қаласында 23-25 қазан аралығында Arashi ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионатына қатысқан «Намыс» top team аралас жекпе-жек клубының екі жаттықтырушысы мен екі жауынгері төрт бірінші орынды иеленді.

    Сонымен бірге Жасұлан Бекболатұлы, Нұрхан Асқаров, Әли Кенжал мен Әли Ермеков алтын жүлдені жеңіп алды. Ал бұл жеңіс өздігінен келген жоқ. Жаттықтырушылар Бекболат Сағиев пен Жасұлан Бекболатұлының қажырлы еңбегі нәтижесін берді. Бұл команда бұдан бұрындары да халықаралық жарыстарда, әлем чемпионаттары мен жекпе-жек сайыстарында алтыннан алқа тағып, ел намысын абыроймен қорғаған.

    Нұрхан Асқаров, Дулатхан Ерсұлтан, Кенжал Әли, Әли Ермеков, Бекболат Әмірәли, Ислам Қуанышұлы, Ислам Мұқанов, Ермек Мағжан мен басқа да  жекпе-жек шеберлері әлемдік додаларда тек жеңіс биігінен көрінді.

    Қазір елімізде аралас жекпе-жекке қызығушылар жылдан жылға көбейіп келеді. Сол себептен болашақта ММА кафедрасы ашылуы мүмкін деген дерек шықты. NAIZA аралас жекпе-жек лигасының президенті Нұрбек Қарабаланың айтуынша, ММА кафедрасын спорт академиялардың бірінде ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

     

    Оңдасын ЕЛУБАЙ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *