• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды.

    Ол 74 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті. Отандасымыз финалда Ресей өкілі Иналбек Шериевпен күресті.

    Нәтижесінде Қайпанов қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтады.

    Қайпанов финалға дейін төрт белдесуде жеңіске жетті. Ол Косово өкілі Эгзон Хониден, Әзербайжан балуаны Туран Байрамовтан, Тәжікстан өкілі Виктор Рассадиннен және жапониялық Йошиносуке Аоягиден басым түсті.

    Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында финалға жолдама алған Қазақстан құрамасының жалғыз өкілі атанды. Ал жартылай финалға дейін жетіп, қола медаль үшін белдескен Асыл Айтақын Әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

    Бұған дейін Нұрқожа 2024 жылы әлем чемпионы атанып, 2019 жылы күміс, ал 2025 жылы қола медаль иеленген еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *