• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: «Астана»

    Елімізде Спорт күніне орай 250-ден астам спорттық іс-шара өтеді

    Тамыз айының әр үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні аталып өтіледі. Биыл да кәсіби мерекеге орай еліміздің барлық өңірінде бір апта бойы түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлады SportPress.kz. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, мерекелік апта аясында еліміз бойынша 250-ден астам спорттық іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың қатарында бұқаралық спорттық жарыстар, спартакиадалар, турнирлер, чемпионаттар, жүгіру марафондары, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, спорт ардагерлерімен ...

    Read More »

    «Болашақ ойындары – 2026»: Көрермен саны 500 млн адамға жетуі мүмкін

    Астанада өтіп жатқан халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі көрермен қызығушылығы бойынша жоба тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жақындап келеді. «Жарыстың алғашқы төрт күнінің өзінде трансляциялар 85 миллионнан астам қаралымға жетті. Қазіргі қарқын сақталса, турнир аяқталғанға дейінгі жалпы аудитория көлемі 430-490 миллион қаралымға жетуі мүмкін. Мұндай нәтиже халықалалық медиасеріктестер желісінің айтарлықтай кеңеюі ықпал етіп отыр. Турнир  Қытай, ТМД, Оңтүстік Америка, ...

    Read More »

    Астанада жас балуандар бақ сынады

    Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық манежде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 және U20 жас арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Он күнге созылған додаға еліміздің барлық өңірінен 1 200-ден астам жас спортшы қатысып, бозкілемде өз шеберлігін сынады. Ел күресінің тарихында тұңғыш рет биылғы чемпионатта жүлдегерлерге сыйақылар тағайындалды. Күрес түрлерінен өткізілетін Қазақстан чемпионаттарында қаржылай жүлде қоры бұрын-соңды ...

    Read More »

    Астанаға жапон күресінің жампозы Ерсін Балтағұл келе жатыр

    15 ақпанда сағат 15.00-де Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында кәсіби сумо шебері Ерсін Балтағұлмен кездесу болады, Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Ерсін Балтағұл – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби сумошы әрі қазіргі таңда Жапонияда жоғары нәтижелерге жеткен Қазақстанның жалғыз өкілі. Ол спорттық жолын қазақ күресі мен дзюдодан бастап, ұлттық мектептен шыңдалып, халықаралық деңгейде табысқа жеткен. Алматы қаласының тумасы Жапониядағы ...

    Read More »

    Үш жылда 86 спорт кешені салынады

    Астанада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен ведомствоның дене шынықтыру және спорт, туризм, ойын бизнесі және лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2025 жылғы қызметі мен 2026 жылға қойылған негізгі міндеттері жөніндегі кеңейтілген Алқа мәжілісі болды, деп хабарлады аталған министрлік. Іс-шараға Қоғамдық кеңестің өкілдері, сала ардагерлері, атақты спортшылар мен құрметті жаттықтырушылар, отандық туристік бірлестіктер мен ассоциациялар, жергілікті атқарушы органдар мен ведомствоға ...

    Read More »

    УЕФА Чемпиондар лигасы: «Қайрат» енді Астанада ойнайды

    «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Грекияның «Олимпиакос» және Бельгияның «Брюгге» командаларымен Астанада ойнайды, деп хабарлады Алматы қаласының футбол клубы. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» клубымен ойын 9 желтоқсанда, «Брюгге» командасымен матч 20 қаңтарда «Астана Арена» стадионында болады. -Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге ...

    Read More »

    Марат Байқамұров — «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы!

    Астанада Республика күніне орай Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы анықталды. Финалда 2024 жылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев пен әскер барысы Марат Байқамұров күресті. Белдесудің екінші минутында Марат Байқамұров қарсыласының осал тұсын тауып, жауырынын жерге тигізді. Бұған дейін жартылай финалда Ерасыл Қажыбаев турнирдің басты фавориты саналған «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Уэльстен жеңілді

    Бүгін «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан мен Уэльс ұлттық құрама командалары 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінде кезекті рет жасыл алаңға шықты. Бұған дейін командалар «Кардифф сити» стадионында ойнап, сол матчта Уэльс жасағы Қазақстан құрамасын 3:1 есебімен жеңген еді.  Бүгінгі екінші матчта да Уэльс алаң иелерінен басым түсті. Матч 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойында 25-минутта Киффер Мур жалғыз голдың ...

    Read More »

    Қазақ күресінен ӘЧ: Қазақстан қоржынында – 8 алтын, 6 күміс, 2 қола жүлде!

    Астана төрінде тұңғыш рет өткен әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өткен бұл дүбірлі дода – тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық рух пен жауынгерлік жігердің тоғысқан шынайы мерекесі болды. Бұл чемпионат — ұлттық спортымыздың әлемдік деңгейдегі беделін айқындаған тарихи белес. Бозкілемдегі әр белдесу ...

    Read More »

    Елімізде алғаш рет Азиядағы беделді спорт ұйымының басқосуы басталды

    Бүгін Астанада Туризм және спорт министрлігі, Азия Паралимпиадалық комитеті мен Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен және  халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен Азия Паралимпиадалық комитетінің (АПК) конференциясы мен  VII Бас ассамблеясының отырысы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет елімізде ғана емес, Орталық Азияда ұйымдастырылып отыр. Форумға 45 елден 190-нан астам делегат қатысып жатыр. Жиынның салтанатты ашылу ...

    Read More »