• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиада комитеті

    Қазақстан жүзгіштері рекордты жаңартып жатыр

    Астанада алғаш рет суға жүзуден өтіп жатқан World Aquatics – Astana 2026 әлем кубогінің кезеңінде алтын спортшымыз финалға шығып, екі спортшымыз рекордтты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

    Іріктеу бәсекелерінің қорытындысы бойынша 50 метрге еркін стильде жүзуде Глеб Коваленя 21,31 секунд нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын 0,04 секундқа жақсартты. Ол кешкі сессияда өтетін финалдық жарысқа қатысады.

    100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бірден екі отандасымыз финалға шықты. Әділбек Мусин қашықтықты 51,42 секундта жүзіп өтсе, Максим Сказобцов 51,53 секунд нәтиже көрсетіп, іріктеу кезеңінде сегізінші орын алды.

    Айбат Мырзамұратов 200 метрге брасс әдісімен жүзуде 2:07,15 секунд уақыт көрсетіп, іріктеу кезеңін бесінші орынмен аяқтады. Егор Попов 100 метрге кешенді жүзуде 54,64 секунд нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Ал Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде жүлдеге таласады. Оның іріктеу кезеңіндегі нәтижесі — 58,55 секунд.

    Тағы бір ұлттық рекордты Ғалымжан Балабек жаңартты. Ол 400 метрге еркін стильде жүзуде 3:46,87 секунд нәтиже көрсетіп, бір апта бұрын Ташкентте өткен әлем кубогі кезеңінде жасаған өз рекордын жаңартты.

    Егор Попов 100 метрді еркін стильде 47.74 секундта жүзіп өтіп, оныншы орын алды.

    Софья Сподаренко 50 метрді баттерфляй әдісімен 26.27 секундта бағындырып, тоғызыншы орынға жайғасты. Софья іріктеу кезеңінде көрсеткен 25.97 секунд нәтижесі арқылы Қазақстан рекордын жаңартты.

    Айбат Мырзамұратов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 26.50 секунд нәтижесін көрсетіп, сегізінші орынға ие болды. Одан бөлек отандасымыз ұлттық рекордты жаңартты.

    Айбат сондай-ақ 200 метрге кешенді жүзу сайысында 1:57.91 уақыт көрсеткішін тіркеп, оныншы сатыға табан тіреді.

    Бұған дейін Софья Сподаренконың 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде мәре сызығын 25,97 секундта кесіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты.

    Бұл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 40-қа жуық елден 300-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен қазіргі рекорд иелері де бар.

    Қазақстан құрамасының намысын 22 саңлақ қорғайды. Ерлер мен әйелдер 17 сайыс түрі бойынша жүлдеге таласады.

    Финалдық жарыстар бүгін, 16 қазанда, Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *