Әділбек Мусин суға жүзуден Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 23.74 нәтижесімен мәреге жетіп, алтын медальді жеңіп алды. Финалда тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді. Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші орын алса, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып ...
Read More »Tag Archives: суға жүзу
Су спортынан АЧ: Қазақстан екі күміс медаль жеңіп алды
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионатының екінші күні аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бұл сында Глеб Коваленя еркін әдіс бойынша 50 метрге 22.81 секундта, ал Айбат Мырзамұратов брасс әдісімен 50 метрге 28.04 секундта жүзіп, күміс медаль алды. Қазақстан құрамасының өзге көрсеткіштері: Артур Миронов – 5-орын, 50 м брасс, 28.31 Әділбек Мусин – 6-орын, ...
Read More »Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен 11-ші Азия чемпионаты болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыстың алғашқы күні жүзуден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды: Күміс медаль: Максим Сказобцов – 100 м баттерфляй, 52.66 Күміс жүлде: София Әбубәкірова – 50 м шалқалай жүзу, 28.90 Қола медаль: Софья Сподаренко – 100 м баттерфляй, 1:01.14 ...
Read More »III ТМД елдері ойындары: Қазақстан қоржынына суға жүзуден төрт жүлде түсті
Әзербайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасы үшін алғашқы жарыс күні сәтті өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан спортшылары 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Назарларыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз: Тайисия Короткова (баттерфляй, 100 м) – күміс медаль; Маргарита Зайцева (шалқалай жүзу, 200 м) – күміс жүлде; Маргарита Раенко (шалқалай ...
Read More »Қазақ қызы тұңғыш рет Солтүстік бұғазынан жүзіп өтті
Батыс Қазақстан облысының тумасы Әнел Сытдықова елімізден Ирландия мен Шотландия арасындағы Солтүстік бұғазын жүзіп өткен алғашқы әйел атанды. Ол Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында бұғазды 4 қыркүйекте сағат 36 минут 19 секундта жүзіп шыққанын айтты. Отандасымыз Солтүстік бұғазын жүзіп өткен 185 адамның қатарына енді. Төрт адамның бәрі де мәреге жетті. Менімен бірге болған германиялық, Олимпиада чемпионы Андреас 8 сағатта жүзіп өтіп, ...
Read More »Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты
Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен 23.33 секунд жүзіп шықты. Осы нәтиженің арқасында ол 18-орынға орналасты. Жартылай финалға тек 16 спортшы шығады. Егер басқа жүзушілер белгілі бір себеппен жарыспаса, Әділбек Мусин солардың біреуінің орнын алмастырады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »13 сағатта 20 шақырым: Параспортшы Балқаш көлін жүзіп өтті
27 жастағы параспортшы Ақназар Мүтәліпов 8 шілдеде Балқаш көлін бір жағалауынан екінші жағалауына дейін 13 сағатта 20 шақырымды жүзіп өтті. Бұл хабарды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол бір қолы мен бір аяғы болмаса да адамның намысқа тырысса қиын жағдайдың бәрін жеңе алатынын дәлелдегесі келген. Мен жүзу арқылы ең алдымен өзіме, одан кейін бүкіл жер-жүзіне адамның бір қол, бір ...
Read More »Қазақстан құрамасы көркем жүзуден Әлем кубогында үздік үштікке кірді
Қытайдың Сиань қаласында көркем жүзуден өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы үздік үштікке кірді. Отандастарымыз төрт кезеңнің қорытындысында топтық жаттығуда қола жүлдемен марапатталды. Команда сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жания Жиенғазы, Ясмин Тұяқова, Валерия Столбунова өнер көрсетті. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Әділбек Мусин суға жүзуден халықаралық турнирде жүлде алды
Жүзуден Францияның Канет қаласында өтіп жатқан Mare Nostrum Swim Tour 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 100 метр. Баттерфляй әдісі. Максим Груссе (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) — 51.40 секунд Әділбек Мусин — 51.82 Роман Шевляков (эстафета сайысынан әлем чемпионы) — 51.93 Клемент Секки (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) ...
Read More »Қазақстан суға жүзуден 60-қа жуық медаль жеңіп алды
19 мамырда Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында суға жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионаты басталды. Ол 23 мамырға дейін болады, деп хабарлады Суға жүзуден және су спорты түрлері федерациясы. Турнирде Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан мен Түрікменстан құрамалары арасында 158 медаль сарапқа салынады. Жарыстың ортасына қарай Қазақстан спортшылары 60-қа тарта медаль жеңіп алды. Ұйымдастырушылар Өзбекстанда осындай беделді турнир алғаш рет өткізіліп отырғанын атап ...
Read More »