• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Су спортынан АЧ: Қазақстан алтын жүлдені алып жатыр

    Үндістаннның Ахмедабадад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден төртінші алтын медаль түсті.

    Наргиза Болатова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Ясмин Тұяқова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбуновадан құралған аруларымыз командалық сында үздік шықты.

    1-орын. Қазақстан — 221.9525 ұпай

    2-орын. Таиланд- 210.5775

    3-орын. Өзбекстан — 200.5183

    Оның алдында Карина Магрупова мен Эдуард Ким күміс медальға ие болды. Олар техникалық бағдарлама бойынша аралас жұптық бәсекеде жүлдегерлердің қатарынан көрінді.

    1-орын. Таиланд — 187.7383 ұпай

    2-орын. Қазақстан- 180.2450

    3-орын. Өзбекстан — 170.8667

    Бұған дейін әртістік жүзуден жұптық сында қола жүлде бұйырған еді. Бұл жүлдені Қазақстан құрамасынан Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина алып берді.

    Әйелдер

    1-орын. Өзбекстан — 240.5808 ұпай

    2-орын. Қытай- 233.8316

    3-орын. Қазақстан — 215.5559

    Дәл қазіргі сәтте көркем жүзуден еншімізде 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *