• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    III ТМД елдері ойындары: Қазақстан қоржынына тағы жүлделер түсті

    Әзербайжанның бірнеше қаласында III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр.

    Бүгін Қазақстан спортшылар бадминтон, нысана көздеу, семсерлесу мен күрес түрлерінен бақ сынап, жүлделі орыннан көрінді.

    Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:

    Пневматикалық винтовкамен нысана көздеу, 10 м:

    Қазақстан құрамасы (Александра Ле, Никита Шахторин) – күміс жүлде

    Еркін күрес: Риза Изахар (110 кг) – күміс медаль

    Пневматикалық тапаншамен нысана көздеу, 10 м:

    Валерия Попелова — қола жүлде

    Әйелдер күресі: Нұрайым Саяхмет (65 кг) — қола медаль

    Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы – қола жүлде

    Бадминтоннан Қазақстан ерлер командасы Мұстафа Мәлікжан/Арнұр Тәпішев) – қола медаль

    Бадминтоннан Қазақстан әйелдер құрамасы (Алиса Кулешова/Диана Наменова) – қола жүлде

    Оған дейін Ханкенді қаласында өткен садақ атудан жарыста Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.

    Жүлдегерлер:

    Классикалық садақ ату – Анастасия Солодовникова финалда Мария Тараярованы (Ресей) 6:4 есебімен жеңді

    Классикалық садақ ату – Қазақстан құрамасы (Райымбек Майқыбаев, Анастасия Солодовникова) финалда Беларусь командасына есе жіберді (4:5).

    Классикалық садақ ату – Қазақстан ерлер құрамасы (Райымбек Майқыбаев, Әлихан Тұяқ, Рахымжан Қамар) финалда Ресей командасынан жеңілді (3:5).

    Райымбек Майқыбаев жекелей сында қола жүлдеге таласта ресейлік спортшыға жол беріп, төртінші сатыға жайғасты.

    Спорттың бұл түрінен Қазақстан командасы сапында барлығы 6 мерген — Томирис Әбдірашит, Аружан Яхина, Анастасия Солодовникова, Рахымжан Қамар, Райымбек Майқыбаев, Әлихан Тұяқ келіп, сынға түсті.

    Евлах қаласында орналасқан Олимпиада орталығында бокстан қыздар арасындағы финалдар болды. Бұл сында финалға шыққан екі боксшымыз қарсыласын жеңіп, әнұранымызды шырқатты.

    -60 кг, финал:

    Жасмин Абрамян – Айнұр Исмаилова (Әзербайжан). Есеп: 5:0.

    -66 кг, финал:

    Диляра Тұрсынбек – Лустина Ануфриева (Ресей). Есеп: 5:0.

    Сонымен қатар тағы 5 былғары қолғап шеберіміз қола жүлдеге ие болды. Олар:

    Асылай Мұрат (-48 кг)

    Аружан Тіллабай (-52 кг)

    Аделаида Садвакасова (-54 кг)

    Балым Ғабитқызы (-57 кг)

    Мадина Нұрманова (-63 кг)

    Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы – Айбек Әбілда. Енді бүгін ұлдар арасында бір отандасымыз Едіге Нұрқожа (-52 кг) бас жүлдеге таласады.

    Қазір Қазақстан құрамасы еншісінде 9 алтын, 22 күміс, 41 қола медаль бар. Бұл әзірге жалпыкомандалық есептегі бесінші орын.

    Әзербайжандағы ойындар 8 қазанда аяқталады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *