• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Нысана көздеу

    Елизавета Безрукова нысана көздеуден әлем рекордын жаңартты

    Нысана көздеуден Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем кубогында Елизавета Безрукова жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың мергені 50 метрден үш позицияда винтовкамен нысана көздеу сайысында 595 ұпай жинап, бірінші орын алды. Іріктеу кезеңінде одан кейінгі сатыға Анита Манголд (Германия) 593 ұпаймен жайғасса, швейцариялық спортшы Чиара Леон (592 ұпай) ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Қазақстан рекорды жаңарды

    Шымкент қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында (2003 және одан кейінгі жылдары туғандар арасы) өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол іріктеу кезеңінде 632.7 ұпай жинады. Екінші сатыға ұлттық құраманың тағы бір өкілі Александра Ле (630.2 балл) ...

    Read More »

    «Алтын мерген» Гран-приінде Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды

    Шымкент қаласында нысана көздеуден «Алтын мерген» халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Биылғы турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан пен Беларусь Республикасынан 230 таңдаулы мерген жиналды. Олар барлығы 25 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жалпы есепте 17 алтын, 13 күміс пен 13 қола медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы 1-орны алды. Екінші сатыға Беларусь құрамасы ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Никита Чирюкин — тапаншамен атудан күміс жүлдегер!

    Мысырдың астанасы – Каир қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы жолындағы турнирде 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен ату сайысында Никита Чирюкин күміс жүлдеге ие болды. Ол 31 ұпай жинады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарыста бас жүлдені Жапонияның өкілі Жонг-Хо Сонг 37 ұпай жинап, жеңіп алды. Үшінші орынды 27 ұпай алған франциялық Флориан Петер иеленді. 21 ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Әлем кубогына елімізден 15 мерген барады

    Нысана көздеуден еліміздің ұлттық құрамасы 24 қаңтар 1 ақпан аралығында Мысырдың астанасы — Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Онда әлемнің 66 елінен 625 спортшы бақ сынайды. Бұл жарыста Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар винтовкамен нысананы көздеушілер — Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле. ...

    Read More »

    Нысана көздеу: Азия чемпионатында құраманың қоржынына үш медаль түсті

    Индонезияның астанасы Жакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан мергендері тағы 3 жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде Фатима Ирназарова 567 ұпай жинап, тағы да құрлық чемпионы атанды. Ал ерлер сайысында Илья Зотеев үздік үштікті түйіндеді. Дәл осы жаттығудағы командалық бәсекеде құрамында Андрей Худяков, Илья Зотеев ...

    Read More »

    Стенд атудан Әлішер Айсалбаев пен Мария Дмитренко Азия чемпионы атанды

    Стенд атудан Кувейттің астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының трап бағдарламасында Қазақстан құрамасы екі алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Жұптық сында Әлішер Айсалбаев пен Мария Дмитренко 140 ұпай жинап, ел әнұранын шырқатты. Күміс медаль Иран мергені Мохаммад Бейранванд пен Марзиех Парварештің (137 ұпай) еншісінде. Үздік үштікті қытайлық спортшылар Юхао Гуо мен Сяоцзин Ван ...

    Read More »

    Ұлттық құрама мергендері тағы төрт жүлдені жеңіп алды

    Нысана көздеуден Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 4 медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Арина Алтухова чемпион атанса (626,8 ұпай). Александра Ле қола жүлдегер атанды (618,4 ұпай). Тағы бір ұлттық құраманың спортшысы Елизавета Безрукова төртінші сатыдан көрінді (617,2). Нәтижесінде командалық сында ...

    Read More »

    Стенд атудан Азия чемпионатына қатысатын құрама анықталды

    12-22 қаңтар аралығында стенд атудан Азия чемпионаты болады. Онда Париж Олимпиадасына берілетін 8 жолдама үлестіріледі. Чемпионат лицензиялық жарыс болған соң, оған көп мемлекет қатысуға ниет білдіріп отыр. Туризм және спорт министрілгінің мәліметіне қарағанда, биылғы додаға 40 елден 500-ге жуық спортшы қатысады. Ал Қазақстанның намысын жарыста 18 мерген қорғайды.Олардың арасында жазғы Азия ойындары, Әлем кубогында үздік нәтиже жүрген Әсем Орынбай, Зоя ...

    Read More »

    Спорттық ату федерациясы Олимпиадаға дайындықты таныстырды

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спорттық ату федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті, деп хабарлады ведомство. Жиында оқ ату және стендтік ату өкілдері спортшыларымыздың соңғы ірі халықаралық турнирлердегі жарысын қорытындылап, Париж Олимпиадасына дайындық жоспарын таныстырды. Қытайдағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы стендтік ату бойынша – 2 алтын және 3 қола, оқ ату бойынша – 1 алтын, 2 күміс және 2 ...

    Read More »