• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Валерий Рахымжан — Әлем кубогының күміс жүлдегері!

    Нысана көздеуден Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан Валерий Рахымжан күміс медальге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Ол тапаншамен 10 метрден оқ ату сайысында финалда 241.9 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Мұнда қытайлық Ху Кай топ жарды (242.3 балл). Үздік үштікке алаң иесі  Кристиан Рейтц кірді. Іріктеуде Валерий Рахымжан 583 ұпаймен алтыншы орынға шығып, финалға жолдама алған, — делінген хабарламада.

    Әлем кубогына 78 елден 695 спортшы қатысып жатыр. Осы жағынан рекорд жаңарды.

    Жарыс 15 маусымда аяқталады. Қазір Қазақстан қоржынында 1 күміс жүлде бар.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *