• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Әлем кубогы

    Пара спорт: Қазақстан Әлем кубогында күміс медаль иеленді

    Пара оқ атудан Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық  дисцеплинада  615.8 ұпай жинап, күміс медальді иеленді. Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юнри мен Парк Джинхо 618.6 ұпаймен алтын жүлдені жеңіп алса,  қола медальға да Оңтүстік Корея  спортшылары  Ли Юджин  мен Ли Джанхо 614.3 ұпаймен ие болды. Сондай-ақ, жарыстың ...

    Read More »

    Пара спортшы Еркін Ғаббасов Әлем кубогында жеңіске жетті

    Пара оқ атудан Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы үшін турнирде Еркін Ғаббасов алғашқы жарыс күнінде R1 (ерлер) дисциплинасында 250.3 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды 249.0 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Парк Джинхо иеленді. Ал үшінші орынға Францияның спортшысы Ричард Дидье 228.4 ұпайымен ие болды. Еркін Ғаббасов осы жылдың наурыз айында Нью-Дели қаласында өткен Әлем кубогында екінші ...

    Read More »

    Садақ атудан әйелдер құрамасы алғашқы үлкен жеңісіне жетті

    Садақ атудан Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. Блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы эстониялық қарсыластарын 231:224 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді. Одан бөлек, ширек финалда әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяны 234 : 230 есебімен жеңіп, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай айырмасымен есе жіберді. Әлем кубогы ...

    Read More »

    Қазақстан бессайысшылары — Әлем кубогының иегері!

    Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасы Түркияның Анкара қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан спортшылары аралас эстафетада бірінші орынды иеленді. Бұл жарыста Қазақстан намысын Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады. Олар 1327 ұпай жинады. Екінші орынға Египет, үшінші орынға Италия құрамасы орналасты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Спорттық гимнастика: Милад Карими — Әлем кубогының иегері! (ВИДЕО)

    Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының шешуші кезеңінде ұлттық құраманың екі атлеті жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Олимпиада лицензиясының иегері Милад Карими (14.766 ұпай) жеңімпаз атанды. Ал Дмитрий Патанин 14.500 ұпай жинап, үшінші сатыға табан тіреді. Күміс медаль Люк Уайтхаусқа (Ұлыбритания, 14.566 ұпай) бұйырды. Бүгін Милад Карими қоссырық ...

    Read More »

    Елизавета Безрукова нысана көздеуден әлем рекордын жаңартты

    Нысана көздеуден Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем кубогында Елизавета Безрукова жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың мергені 50 метрден үш позицияда винтовкамен нысана көздеу сайысында 595 ұпай жинап, бірінші орын алды. Іріктеу кезеңінде одан кейінгі сатыға Анита Манголд (Германия) 593 ұпаймен жайғасса, швейцариялық спортшы Чиара Леон (592 ұпай) ...

    Read More »

    Қазақстан гимнасшылары Әлем кубогының финалына шықты

    Спорттық гимнастикадан Катардың астанасы – Доха қаласында Әлем кубоыгының шешуші кезеңі басталды. Жарыстың қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар белгілі болады. Әзірше ат снарядындағы жаттығу сайысында Нариман Құрбанов іріктеуден екінші орын алып, финалға шықты. Ол 15.033 ұпай жинады. Бұл ұпай оған Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндік беріп отыр. Олимпиадаға лицензияны 1-2 орын иеленген спортшылар алады. Милад Карими мен Дмитрий Патанин да еркін жаттығудан финалға ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы — көркем жүзуден Әлем кубогының иегері

    Қазақстан құрамасы көркем жүзуден Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кезеңінің иегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Акробатикалық бағдарламада Қазақстан спортшылар алаң иелері Қытай құрамасынан да көп балл алды. Еліміздің құрамасы екі күн бұрын техникалық сайыста қола жүлдеге ие болған еді. Ал кубокты 213.7801 балл жинаған  Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Қазақстан артистік жүзуден екі жүлде алды

    Қытайдың астанасы – Бейжің қаласында өтіп жатқан артистік жүзуден Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл сында аралас жұптық сында техникалық бағдарламада Наргиза Болатова мен Эдуард Ким күміс жүлдегер атанды. Олар 199.4450 ұпай жинады. Жарыста бірінші орынды Қытай, үшінші орынды Испания спортшылары иеленді. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы техникалық бағларламадағы топтық жарыста Қытай мен Австралияға жол ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстан ауыр атлеттері Әлем кубогына қатысып жатыр

    Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан Әлем кубогы үшін лицензиялық жарыс басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр. Кеше помостқа ұлттық құрама сапынан Ерназ Алпысов (55 кг) шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол жұлқа көтеруде бір мүмкіндігін, ал серпе көтеруде екі мүмкіндігін тиімді пайдалана алмады. Ерназ Алпысов 237 кг нәтижемен (жұлқа – 107 кг, серпе – ...

    Read More »