• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Әлем кубогы

    Денис Никиша шорт-тректен әлемнің үздік спринтері атанды

    Денис Никиша Нидерландтың Дордрехт қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогының қорытынды бесінші кезеңінде үздік атанды. Ол 500 метрге жарыста жалпы есепте 402 ұпаймен бірінші орын алды. Ол былтыр АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алған еді. Одан кейін Алматыда өткен екі кезеңде алтын, күміс және қола медальді иеленген болатын. Енді міне, шорт-трекші Нидерландта Алматыдағы нәтижесін қайталап, ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Әлем кубогында бірінші орынды иеленді

    Қазақстан құрамасы нысана көздеуден 11 медаль жеңіп алып, Әлем кубогының медальдық есебінде бірінші орынға ие болды. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, нысана көздеуден Қазақстан құрамасы рейтингтік Әлем кубогында командалық бірінші орынды иеленген. Индонезия астанасы Жакартада өткен жарыста ел намысын 15 спортшы қорғады. Олар 11 медальді (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) жеңіп алды. Жалпы, бұл әлемдік додаға 32 елден 350 ...

    Read More »

    Нысана көздеуден әйелдер командасы Әлем кубогының иегері атанды

    Нысана көздеуден Қазақстанның әйелдер құрамасы Индонезияның Жакарта қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде бірінші орын алды. Жарыста 10 метрлік пневматикалық мылтық атудан Александра Ле, Елизавета Безрукова мен  Анастасия Григорьева нысананы дәл көздеп, үздік нәтиже көрсетті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Түркияда асық атудан Еуразия кубогы басталды

    Түркияның Анталия қаласында асық ату мен тоғызқұмалақтан Еуразия кубогы басталды. Оған Қазақстан құрамасы сапында асық атудан 3 команда болса, Түркия 5 команда қатыстыруда. Бұдан басқа Қырғызстан, Чехия, Германия және Румыниядан келген асықшылар жарыс көрігін қыздыруда. Жалпы алғанда асық ату мен бес асықтан барлығы 66 спортшы сынға түсуде. Кеше жарыстың бірінші күні алдын-ала ойындар болды. Бүгін де өзара мықтылар анықталып, 2 ...

    Read More »

    Мергендер Әлем кубогында үш жүлдені жеңіп алды

    Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем кубогы үшін жарыс болып жатыр. Бүгін отандастарымыз осы жарыста үшінші медальді жеңіп алды. Ерлер арасында 10 метрден пневматалық винтовкамен нысана көздеуде Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды. Финалда Қазақстанның мергендері Австрияға 16:8 есебімен есе жіберді. Ел намысын Константин Малиновский, Никита Шахторин мен Ислам Сәтпаев қорғады. Қазір Қазақстан 2 күміс және 1 қола медальмен жалпы ...

    Read More »

    Шорт-трек: Денис Никиша әлем кубогы кезеңінің чемпионы атанды

    Денис Никиша шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің чемпионы атанды. Ол өзіне қолайлы қашықтық — 500 метрден топ жарды. Оңтүстіккореялық Яжан Сунву екінші, бельгиялық Стижн Десмет үшінші орынға ие болды. Бұл — Денис Никишаның биылғы әлем кубогы кезеңдеріндегі төртінші медалі. Бұған дейін ол Солт-Лейк-Сити мен Алматыда 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ кеше Алматыда тағы да 500 ...

    Read More »

    Конькиші Надежда Морозова Әлем кубогынан қола жүлде алды

    Надежда Морозова конькимен жүгіруден Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының 4-кезеңінде мәре сызығын үшінші болып қиды. Жарыстың екінші күнінде Надежда Морозова 1500 метрге жарыста мәреге үшінші болып келді. Ол тек жапон Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгті ғана алға жіберіп алды. Бір апта бұрын отандасымыз Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде Надежда күміс жүлде алған еді. Ал одан бұрын ...

    Read More »

    Конькиші шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола медалін алды

    Денис Никиша Алматыда өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін жеңіп алды. «Денис Никиша әлем Кубогының қола жүлдегері! Спортшымыз 500 метр қашықтықта үздік үштікті түйіндеп, ел қоржынына бұл жарыстың алғашқы жүлдесін түсірді. Ертең Денис 500 метр қашықтықта тағы да жүлде үшін таласқа түседі», —  делінген хабарламада.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогының иегері атанды

    Финляндияда өткен парабиатлоннан Әлем кубогы кезеңінде Ербол Хамитов 10 км қашықтықты 32:37.0 секундта жүріп өтіп, алтын медаль еншіледі. Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), ал үшінші орын тағы бір украин спортшысы Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды. Әлем кубогының кезеңіндегі бұл жеңіс — Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль. Парашаңғы мен парабиатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп ...

    Read More »

    Виталий Щиголев Әлем кубогында қола медаль алды

    Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының үшінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасы осы кезеңде екі жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы масс-стартта Виталий Щиголев мәре сызығын үшінші болып қиды. Қазақстандық спортшының нәтижесі — 7:55.850 секунд. Бұл жарыста итальян Андреа Джованнини жеңіске жетті. Бұл — оның 2019 жылдан бергі Әлем кубогы кезеңіндегі жеңісі. Жаңа зеландиялық Питер Майкл күміс жүлдегер ...

    Read More »