• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Нысана көздеуші Александра Ле маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті

    Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден маусымдағы соңғы Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Ұлттық құраманың спортшысы Александра Ле 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде 632 ұпаймен 12-орыннан көрінді. Оның финалға шығуына 0,6 ұпай, ал Қазақстан рекордын тіркеуіне 0,7 ұпай жетпей қалды.

    Александра Ле биыл наурызда Шымкентте өткен ел чемпионатында тура осыған жақын нәтиже көрсеткен (630.2).

    Қазір Қазақстан рекордының иесі — Елизавета Безрукова (632.7 балл).

    Іріктеу кезеңіндегі әлем рекордын осы сында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындары мен әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Хуан Ю Тин тіркеді (635.3 балл).

    Әлем кубогының кезеңінде Елизавета Безрукова 36-орынды (629.3 балл) иеленсе, Арина Алтухова 77-орынға (626.2 балл), ал София Шульженко 106-орынға (622.2 балл) ие болды.

    Бұл бағдарламада әйелдер арасында 148 мерген сынға түсті. Александра Ле биыл халықаралық жарыстарда әйелдер арасында ең көп ұпай жинады.

    Винтовкамен нысана көздеуде команда сапында ерлерден үздік нәтижені Ислам Сатпаев көрсетті (629.3 ұпай). Ол жарысқа қатысқан 118 мергеннің ішінде 29-орынға орналасты. Одан кейінгі орындарды Константин Малиновский (54), Никита Шахторин (92) мен Матвей Тимофеев (102) алды.

    Бұл кезеңге 88 мемлекеттен 612 үздік спортшы қатысып жатыр.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *