• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    prosports.kz

    Қайрат Боранбаев Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

    Олимпиялық ойындардың қарсаңында Ұлттық Паралимпиада комитетінің басшысы ауысты. Осыған дейін комитеттің басшысы болған Қайрат Боранбаев қайтып ҰПК-нің президенті болып қайта сайланды. Бұл туралы Ұлттық Паралимпиада комитеті хабарлады.

    Комитеттің Бас ассамблеясының отырысы 31 мамырда болды. Осы жиында комитетті жаңа президентін, мекеменің тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау мен ҰПК-нің жарғысына өзгерстер мен толықтыруларды енгізу мәселесі қаралды.

    Отырыста Қайрат Боранбаев комитеттің соңғы төрт жылда атқарған жұмысы мен қызметі туралы есеп берді. Содан кейін ол ҰПК-нің құрамына кіретін федерациялардың өкілдері ұйымның басшысы қызметіне қайта сайланды. Сайлауға Боранбаевтан басқа ешкім түспеді.

    Жаңа президенттің кандидатурасын Дзюдо  федерациясы мен велоспорт федерациясы мен басқа да спорт ұйымдары қолдап, дауыс берді.

    Мен Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Мені қолдағандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Мен үшін бұл өте маңызды қызмет. Біз Қазақстанда паралимпиялық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асырамыз. Осы жолда жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Жоспарымыз көп, — деді Қайрат Боранбаев өзінің әлеуметтік парақшасында.

    Оның айтуынша, қазір Паралимпиада ойындарына дайындық ойдағыдай болып жатыр. Жыл соңына дейін Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысы басталады.

    Сонымен бірге «Тарлан» инклюзивті мұз айдынын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Бұдан басқа паралимпиадашыларға арналған заманауи тренажерлер сатып алынады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *