Дзюдошы Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалында өнер көрсетті.
Ол 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Ғалия Тыңбаева финалда биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Италия өкілі Ассунта Скуттомен күш сынасты. Бұл жекпе-жекте италиялық спортшы жеңіске жетті. Ал Ғалия Тыңбаева Гран-при турнирін күміс медальмен аяқтады. Ол финалға дейін Азия Аванзатоны (Италия), Ева Перес Солерді (Испания), Наташа Феррейра (Бразилия) мен Жаклин Шпрингерді (Австрия) жеңді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары