• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Дзюдо

    Спортты дамыту мемлекетшіл ұстанымнан басталады

    Мемлекет басшысының жоғары жетістіктер спортын және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жүйелі қолдауы мен стратегиялық шешімдерінің нәтижесінде Қазақстан халықаралық спорт аренасындағы орнын нықтап келеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Биылғы алғашқы алты айда елімізге 13 халықаралық спорт федерациясы мен ұлттық олимпиада комитеттерінің басшылары келді. Бұл – Қазақстанның әлемдік спорт қауымдастығындағы беделінің артып, атқарылып жатқан мемлекеттік саясатқа деген сенімнің жоғары ...

    Read More »

    Дзюдодан жастар арасында Азия кубогының иегерлері анықталды

    Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Федерацияның хабарлауынша, төрт күнге созылған жарысқа ел спортшыларымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Үндістан, Ливан, АҚШ және IJF құрамаларынан 800-ден астам дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады. Жасөспірімдер құрамасы 5 алтын, 4 күміс, 12 қола, ...

    Read More »

    Әбиба Абужақынова әлем рейтингінде екінші орынға шықты

    Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Мажарстанның астанасы — Будапешт өткен әлем чемпионатынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Дүниежүзілік ұйымның рейтингіне сәйкес, үш отандасымыз өз салмағында ТОП-10 палуанның қатарына қосылып отыр. Мәселен, отандық дзюдо тарихында әйелдер арасында алғаш рет финалда белдесіп, күміс жүлдегер атанған Әбиба Абужақынова (48 кг) рейтингте екі сатыға жоғарылап, 5662 ұпаймен ...

    Read More »

    Әбиба Әбужақынова — дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

    Әбиба Әбужақынова 48 келі салмақта дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында отандасымыз Италия спортшысы Ассунта Скуттоға есе жіберді. Осылайша Әбиба Әбужақынова финалға дейін жетіп, отандық дзюдо тарихында әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы атанды. Спортшылар 2023 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде ...

    Read More »

    Дзюдодан ӘЧ: Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды

    13 маусымда Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Чемпионат басталар алдында қалыптасқан дәстүр бойынша жеребе тартылып, оның қорытындысы бойынша отандастарымыздың алғашқы қарсыластары анықталды. Сонымен… ерлер арасында 60 келіге дейін Мағжан Шамшадин  Дэвид Тераомен (АҚШ) белдеседі. Шерзод Давлатов Харим Ли (Оңтүстік Корея) мен Дэниэль Леутгеб (Австрия) арасындағы белдесуде жеңген спортшымен күш сынасады. 66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев ...

    Read More »

    Ерасыл Қажыбаев – Бакудегі Үлкен дулыға турнирінің қола жүлдегері

    Дзюдодан ұлттық құраманың спортшысы Ерасыл Қажыбаев Әзербайжанның астанасы — Бакуде өтіп жатқан Үлкен дулыға санатындағы жарыста үздік үштікке кірді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Аса ауыр салмақтағы (+100 кг) отандасымыз жүлде жолында грузиялық Саба Инаниешвилиді қосымша уақытта (golden score) жеңді. Айта кетейік, Ерасыл Қажыбаев үшін Баку олжалы қаланың бірі. Ол осыдан 2 жыл бұрын ...

    Read More »

    Есмигүл Куюлова Олимпиада жолдамасын иеленді

    Бұған дейін жазғы Олимпиялық ойындарға лицензияны жеңіп алған Қазақстан құрамасының дзюдошысы 63 келі салмақтағы Есмигүл Куюлова жекелей сында күресетін болады. Мұндай шешімді халықаралық дзюдо федерациясы қабылдады. Есмигүл Куюлова аты аталған ұйымның қосымша жолдамасына ие болады. Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда, еліміз құрамасынана жекелей сын бойынша тоғыз дзюдошы жарысқа қатысады. Осыған дейін Есмигүл Куюлова аралас командалық жарыста қатысатын болған. Ерлерден ...

    Read More »

    Косоволық қыздар тағы да Олимпиада чемпионы атағына үмітті

    Жұрттың қыздары не жеп, Олимпиада чемпионы болады, осы. Былтыр Астанаға жарысқа келген косоволық Нора Гяковамен сөйлесіп, жақын таныстым. 31 жастағы Нора Гякова – дзюдодан Токио Олимпиадасының чемпионы. Әлем чемпионатында қола және Еуропа чемпионатында 1 алтын, 4 қола медальді алған. Еуропа ойындарында 1 күміс пен 1 қола жүлдесі және бар. Косово Жапонияда өткен Олимпиадаға екі-ақ спортшы жіберген. Дистрия Красники мен Нора ...

    Read More »

    Дзюдошылар өзара Олимпиаданың жолдамасы үшін күреседі

    Қазақстан дзюдо федерациясы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына қатысатын спортшыны анықтау мақсатында іріктеу белдесудің болатынын хабарлады. Іріктеу белдесуге олимпиадалық рейтингте үздік нәтиже көрсеткен балуандар Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қатысады. Олар Олимпиадаға қатысуға үміткер спортшылар тізіміне кіріп отыр. Іріктеу белдесулері 7 маусымда ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында болады. Халықаралық дзюдо федерациясы мен Халықаралық ...

    Read More »

    Дзюдодан Қазақстан атынан 60 кг салмақта Олимпиадаға кім барады?

    Францияның астанасы — Парижде болатын ХХХІІІ жазғы Олимпиялық ойындарға елу бес күн қалды. Канада, Жапония және басқа да елдер Олимпиадаға қатысатын спортшыларын түгендеп, команда құрамын жариялап жатыр. Ал Қазақстан дзюдо федерациясы Парижге кімдер баратынын қашан айтады? Әлде француз мамандар кімді жіберерін біле алмай, басы қатып жүр ме? Айына 200 мың тг алатын (ресми жауап) екі француз маманы «Үйімізге қашан кетеміз? ...

    Read More »