Дзюдодан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақ балуандары қола жүлдеге қол созым жерден бірінен соң бірі жеңіліп қалды.
Ерасыл Қажыбаев 100 келіден аса салмақта Саба Инанеишвилимен (Грузия) жеңіліп, жарысты бесінші орында аяқтады.
Аида Тойшыбекова 78 келіден аса салмақтың жұбаныш белдесуінде Польша өкілі Кинга Вольшчакқа жол берді. Ал Екатерина Токарева (78 кг), Камила Берліқаш (78 келіден аса), Нұржан Бисенов (90 кг), Ермахан Әнуарбеков (90 кг) пен Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден аса) жарыстан жүлдесіз қайтты.
Эсмигүл Куюлова Гран-при турнирінің финалдық кезеңіне шықты. Ол 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Спортшы ширек финалда Джессика Климкейтпен (Канада) күш сынасты. Тартысты белдесуде отандасымыз қарсыласына жол берді. Дегенмен Эсмигүл жұбаныш белдесуінде мажар Бригитта Варганы жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Енді ол хорватиялық Ива Оберанмен қола жүлдені сарапқа салады. Ал Ажар Асхат (70 кг), Данияр Шамшаев, Бақытжан Абдурахманов (73 кг) жарысты ерте аяқтады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары