Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіске жетті.
Ол 66 келіге дейінгі салмақтың финалында бразилиялық Рональд Лимамен күш сынасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді салды.
Бұған дейін Ғалия Тыңбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары