Қазақстан құрамасының өкілі Вадим Шарлаимов Швейцарияның Берн қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде қола медальға ие болды.
Ол шпагадан ерлер арасында өткен жекелей сында үздік үштіктен көрінді.
Вадим Шарлаимов жартылай финалға дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Отандасымыз финал жолдамасы үшін өткен сында Мажарстанның өкілі Гергей Шиклошимен кездесті.
Бұл айқаста мажар семсерлесуші 15:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Шарлаимов жекелей сындағы жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары