• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: финал

    2028 жылы УЕФА Суперкубогы Астанада өтеді

    УЕФА Атқарушы комитеті Астана қаласын 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы үшін матч өтетін орын ретінде бекітті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздарының матчы «Астана Арена» стадионында болады. Астананы таңдауға Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және Еуропа футбол қауымдастықтары одағымен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы кешенді жұмысы негіз болды.

    Read More »

    Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды

    Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нью-Йоркте 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды. Ол US Open турнирінің финалында Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнап,  6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 2 сағат 23 минут ойнады. Осы уақытта Рыбакина 12 эйс жасады.  12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Осылайша, Рыбакина мансабында алғаш рет US Open чемпионы атанып, «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атақты жеңіп алды.  Осы ...

    Read More »

    Көптен күткен көкпаршыларымыз жерге қаратты

    Көкпар VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының шыңырау шегі еді, деп тақымымызды қысып, жанымызды шүберекке түйіп финалды күттік. Басқа ойындардан көкпардың шоқтығы биік екені анық еді. Ұлттық спортымыздың ішіндегі көкпар орны айрықша екені де рас. Ал финалдағы біздің жігіттердің сүреңсіз көкпарын көріп, әбден қапа болдық. Көздерінде от, жеңіске деген жігер, білекте күш не шеберлік жоқ қандай құраманы алып барғанын білмедік. Әсіресе, тіпті ...

    Read More »

    Бәрекелді! Қызылордада жаңа стадион салынды

    4 қазанда Қызылордада жаңадан салынған стадионда футболдан Қазақстан кубогының финалдық матчы болады. Осы күні Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобыл» клубтары жаңа алаңға шығады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Екі клуб та өз тарихында екі реттен Қазақстан кубогын иеленген. Бұған дейін де олар финалда үш мәрте жолыққан. 2007 және 2023 жылдары жеңісті «Тобыл» тойласа, 2011 жылы кубок «Ордабасының» еншісіне бұйырды. 2025 ...

    Read More »

    Бокстан ӘЧ: Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға шықты

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Ол 90 келіден аса салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы, Кубаның атақты боксшысы Хулио Сезар Ла Круспен қолғап түйістіріп, оны ұпай саны бойынша жеңді. Енді Айбек Оралбай әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды. Бүгін сегіз финалдық жекпе-жекке кімдердің шығатыны белгілі болды. Бұл финалдардың екеуінде ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Төрт спортшымыз финалда қолғап түйістіреді

    Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер құрамасының төрт спортшысы финалға шықты. Азия чемпионы атағы үшін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) мен Әсел Тоқтасын (80 келіден аса салмақ) қолғап түйістіреді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА    

    Read More »

    Су спортынан ӘЧ: Қазақстан финалда өнер көрсетті

    Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары акробатикалық жаттығумен жарыс жолын аяқтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Команда сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Анна Павлецова, Жания Жиенғазы өнер көрсетті. Іріктеу кезеңі. 25 команда 1-орын. Қытай — 229.0186 ұпай 2-орын. Бейтарап спортшылар — 224.7291 3-орын. ...

    Read More »

    Су спортынан ӘЧ: Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды

    Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық еркін жаттығуда Қазақстан құрамасының қыздары сегізінші орынды иеленді. Команда сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова өз өнерлерін көрсетті. Туризм және спорт министрлігі  Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша мына елдер финалға шықты: Іріктеу кезеңі. 20 команда 1-орын. Қытай — ...

    Read More »

    «Челси» — клубтар арасындағы әлем чемпионы! (ВИДЕО)

    Бүгін Америка Құрама Штаттарында футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Финалда Англияның «Челси» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» командасын жеңіп, екінші рет әлем чемпионы атанды. Матчта ағылшындар клубының ойыншылары қарсыластарының қақпасына қауіпті жағдай жасай бастады. Соның нәтижесінде ойынның 22-минутында Коул Палмер есеп ашса, одан кейін ол  30-минутта тағы да нысананы дәл көздеді. 43-минутта Коул Палмер тағы да көзге түсті. Ол Жоао ...

    Read More »

    Клубтар арасындағы ӘЧ: «Пари Сен-Жермен» мен «Челси» финалда ойнайды

    Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына берілген екінші жолдамаға ие болды. Париждің клубы жартылай финалда Испанияның «Реал Мадрид» командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Матчта Фабиан Руис 6-минутта есеп ашса, одан кейін Усман Дембеле 9-минутта екінші голдың авторы атанды. «Реалдың қақпасына үшінші допты 27-минутта тағы да Фабиан Руис тоғытты. Ойынның соңында Гонсало Рамуш таблодағы есепті өзгертті. ...

    Read More »