Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық еркін жаттығуда Қазақстан құрамасының қыздары сегізінші орынды иеленді.
Команда сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова өз өнерлерін көрсетті.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша мына елдер финалға шықты:
Іріктеу кезеңі. 20 команда
1-орын. Қытай — 338.2167 ұпай
2-орын. Испания — 329.4288
3-орын. Жапония — 327.9186
8-орын. Қазақстан — 261.9755
Финалдар ертең 20 шілдеге жоспарланған.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА