• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Су спортынан ӘЧ: Қазақстан командалық сайыста ондықтан орын алды

    Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қыздары командалық еркін жаттығуда 277.8196 ұпайға ие болып, жетінші орынға шықты.

    Команда сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова мен Валерия Столбунова өнер көрсетті.

    Бірінші орынды Қытай құрамасы 348.4779 ұпаймен жеңіп алды. Жапония спортшылары 334.7232 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, Испания құрамасы 321.1328 ұпаймен қола медальді иеленді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *