• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты

    Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін Украинаның спортшысы Снежана Онуфриевамен күресті. Белдесуде 11:10 есебімен Шұғыла Өмірбек жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы медалін иеленді. Кеше ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 3 ...

    Read More »

    Қазақ волейболы: сұрақ көп, жауап жоқ

    Төртжылдықтың басты додасы ХХ жазғы Азия ойындары да аяқталды. Қазақстан спортшыларының жетістіктері де бар, алайда көңіл көншітпейтін нәтижелер мен қордаланған мәселелер одан да аз емес. Қазір сала мамандары жарыс қорытындысын саралап, спорттағы кемшіліктерді ашық сынап, нақты ұсыныстарын білдіруде. Бұл — заңды әрі қажетті үдеріс. Өйткені, спорттағы әрбір жеңіс пен жеңілістің артында мемлекет қаржысы, мыңдаған спортшының маңдай тері, бапкерлердің еңбегі және ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Қазақ балуандары тағы үш жүлде алды

    АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U23 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы үш медальмен толықты. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының соңғы мәліметіне қарағанда, грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Темірлан Тұрдақын (суретте) финалда ирандық Ясин Әли Яздимен белдесіп, 0:4 есебімен жеңілді. Сөйтіп, балуанымыз күміс медальге ие болды. Сондай-ақ бүгін Арсен Жұма (-55 кг) ...

    Read More »

    Айбек Айтбеков: Америкаға әлем чемпионы атану үшін ғана бардым

    Бүгін таңға салым Атлант мұхитының ар жағынан қазақ даласына қуанышты хабар келіп жетті. Күрес түрлерінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жалауы желбіреген 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды. Оның біреуін 72 келі  салмақтағы Юсуф Ашрапов, екіншісін 60 кг-де күрескен Айбек Айтбеков иеленді. Юсуф Жамбыл облысының, ал Айбек Абай облысы Аягөз ауданының тумасы. Қазір Айбек ...

    Read More »

    Қазақ балуандары АҚШ-та әлем чемпионы атанды

    АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи оқиға болды. Бұл дүрмекті додада  Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, Қазақстан балуандары U23 әлем чемпионаты тарихында алғаш рет бір жарыста екі алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Темірлан Тұрдақын финалға шығып, Джохар Узаров қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. ...

    Read More »

    Балуандар Бакуде әлем чемпионаты кезінде дауыс берді

    Қазақ күресінен Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде Қазақстан құрамасының балуандары Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды  Qazaq Kuresi қауымдастығының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама өкілдері Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігіне барып, елшілік жанынан ашылған №426 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Сайлау учаскесінде қазақ күресінен Әлем кубогінің иегері, әлем чемпионы Рузимон Тугушев, Азия және екі дүркін әлем чемпионы ...

    Read More »

    Оннан астам ел бірігіп қазақ күресін дамытуға келісті

    Әзербайжанның астанасы Бакуде өтіп жатқан қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты кезінде Qazaq Kuresi қауымдастығы мен қатысушы елдердің ұлттық федерация өкілдері кездесті, деп хабарлайды Qazaq Kuresi қауымдастығының баспасөз қызметі. Басқосуда қазақ күресінің халықаралық деңгейдегі дамуы сөз болып, 12 елдің өкілі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жиынды Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Мейіржан Берекетов ашты. Ол ұлттық федерация басшылары мен спорт ...

    Read More »

    «Өз арамызда өтірік айтатын адам бар» – Фабио Каннаваро

    Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Фабио Каннаваро алғаш рет команданың әлем чемпионатындағы ойындарына қорытынды жасап, құраманың сәтсіздігін түсіндірді. Instagram-дағы эфирден белгілі болғандай, баспасөз мәслихатында бас жаттықтырушыға әлемдік додадан кейін неліктен бірден командамен бірге Өзбекстанға бармай, Италияға демалуға кетіп қалғаны, бас жаттықтырушы ретінде қанша айлық алатыны, құраманың алдағы Азия кубогына дайындығы туралы сұрақтар қойылды. Каннаваро сын-пікірлер мен әлем чемпионатынан кейін ...

    Read More »

    Су добынан ӘЧ: Қазақстан екінші жеңісіне жетті

    Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші матчын Сингапур командасымен ойнап, қарсыласын 16:15 есебімен жеңді. Ойынның негізгі уақыы тең аяқталды. Содан кейін отандастарымыз пенальти сериясында сингапурлықтардан  басым түсті. Қорытынды есеп — 16:15. Ернар Тілекқабыл үздік ойыншы атанды. Ұлттық құрама әлем чемпионатындағы алғашқы ойында  Мысырдан 9:14 есебімен жеңілген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругвай ватерполистерімен ойнайды.   Дастан КЕНЖАЛИН ...

    Read More »

    ТОП-5: Қазақстан күрестен үздік бес елдің қатарында

    Әзербайжанның астанасы Баку қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы күрестен әлемнің үздік елдерінің қатарына қосылды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, ұлттық құраманың балуандары грек-рим, еркін және әйелдер күресінің нәтижесі бойынша 225 ұпай жинады. Қолда бар мәліметке қарағанда, Ресей спортшылары жалпы есепте 305 ұпаймен бірінші орын алса, АҚШ 294 ұпаймен екінші, Үндістан 250 ұпаймен үшінші, Иран 231 ұпаймен төртінші орынды иеленді. ...

    Read More »