• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты

    Хоккейден 2023 жылғы ӘЧ: Қазақстанның қарсыластары анықталды

    Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының 2023 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды. Әлемдік дода келесі жылдың 12-28 мамыры аралығында Латвияның Рига мен Финляндияның Тампере қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы В тобында Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словениямен кұш сынасады. Ал А тобында Финляндия, Швеция, Чехия, Германия, Дания, Франция, Австрия және Венгрия өнер көрсетеді. Биыл әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топ-дивизиондағы орнын сақтап қалды. ...

    Read More »

    Иранда футболшылардың туыстарына қысым көрсетіліп жатыр

    Осы күндері футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Иранның ұлттық құрама командасының ойыншылары мен олардың туған-туыстарына қысым көрсетіліп жатыр. Бұл туралы «Чемпионат» хабарлады. Атап айтқанда, бүгін Иран Ислам революциясының сақшылары АҚШ құрамасымен болатын матчтың алдында футболшылар өздерін «дұрыс ұстамаса», олардың туыстарының түрмеге қамалып, азапталатынын айтқан деген дерек бар. Мәліметке қарағанда, қазір Ислам революциясы сақшылары корпусының он шақты офицері Иран командасының футболшыларын жіті қадағалап ...

    Read More »

    Екі боксшымыз әлем чемпионы атанды

    Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Бақыт Сейдіш (66 кг) пен Элина Базарова (54 кг ) әлем чемпионы атанды. Олар финалда Германияның боксшыларын ұтты. Бақыт Сейдеш Карлотта Шуенеманды, Элина Базарова Куцохоистоу Крисовалантуды жеңді. Ерлер арасында өткен сында Нұрбек Мұрсал (67 кг) мен Дәулет Төлемісовтің (75 кг) Өзбекстанның өкілдеріне есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Осылайша ...

    Read More »

    ӘЧ-2022: Роналду рекорд жаңартты

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рет рекорд жаңартты. Ол бес рет әлем чемпионатына қатысып, бесеуінде де гол салған тұңғыш ойыншы атанды. Биылғы додада ол Португалия мен Гана матчында 65-минутта 11 метрлік айып добынан қақпаны дәл көздеді. Осы кездесуде футболшы матчтың үздік ойыншысы атанып, ұлттық құрамасы сапындағы 112-голын салды. Бұған дейін шабуылшы 2006, 2010, ...

    Read More »

    ӘЧ-2022: Бразилиялық футболшы супер гол салды

    Бүгін футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында бразиялық футболшы Ришарлисон дубльдің авторы атанды. Ол Сербия құрамасының қақпасына екінші голын аяқтарын қайшылап тұрып салды. Бұл кездесуде Бразилия құрамасы G тобындағы қарсыласы Сербия командасын 2:0 есебімен жеңді. Бразилия бірінші таймда есеп аша алмады. Оған мүмкіндігі бола қойған жоқ. Ал сербтер шабуылға көп бармай, қорғаныста ойнады. Үзілістен кейін Бразилия құрамасы жиі шабуылдап, қарсыластардың ...

    Read More »

    Тағы да сенсация! Германия құрамасы Жапониядан ұтылды

    Германия құрамасы Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчында Жапония командасынан 1:0 есебімен жеңіп жатып, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Е тобында Германия мен Жапония құрамаларының кездесуі аса тартысты өтті. Кездесу «Неміс машинасы» үшін сәтті басталған. Олар ойынды бірден қолға алып, 33-минутта Илькай Гюндоган пенальтиден қақпаны дәл көздеп, Германияны алға шығарды. Бірінші таймның соңында ГФР-дың футболшылары екінші голын салды. Брақ ...

    Read More »

    Испания әлем чемпионатының рекордын жаңартты

    Испания құрамасы Коста-Рика командсын 7:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионаттарындағы ойындарында допқа иелік ету көрсеткішін жаңартты. Осы матчта Испания құрамасы ойын уақытының 81,7%-ында допқа иелік еткен. Бұл — әлем чемпионаттарындағы жаңа рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін допқа иелік ету көрсеткішінде Аргентина құрамасы үздік болған. 2010 жылғы әлем чемпионатында Грекияға қарсы өткен матчта оңтүстік америкалықтар ойын уақытының 80,3%-ында допты өз иеліктерінде ұстаған. Осы ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Төрт боксшы финалға шықты

    Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалда шаршы алаңға көтерілген 7 боксшымыздың төртеуі финалға жолдама алса, үшеуі әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды. 66 келідегі Бақыт Сейдіш француз Майлис Ричлді үш рет нокдаунға жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаса, 54 келідегі Элина Базарова нидерландық боксшы Мария Верхеймді ұтып, финалға шықты. Жартылай финалда өнер көрсеткен екі жігітіміздің екеуі ...

    Read More »

    Жеті боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

    Испанияның Аликанте қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері басталып, 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады. Ерлер: 67 келі. Нұрбек Мурсал — Донован Джеймс Френсис (Ирландия) 75 келі. Дәулет Төлемісов — Хаджит Ноа (Бельгия)   Әйелдер: 48 келі. Гүлназ Бурибаева — Шарма Бхавна (Үндістан) 54 келі. Элина Базарова — Верхэйм Габриэлла Мария (Нидерланд) 63 ...

    Read More »

    Футбол жанкүйері Катарға 1600 шақырымды жаяу жүріп жеткен

    Сауд Арабияның азаматы Абдалла әл-Салми футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатына өз командасын қолдау үшін жаяу барған. Ол Дохаға 1600 шақырымды артқа қалдыра отырып жетіпті. Соның құрметіне жанкүйерлер Абдалланы сән-салтанатпен күтіп алған. Әлем чемпионатын көру Абдалла әл-Салмидің бала кезден бергі арманы екен. Ол Сауд Арабиясы мен Аргентина арасындағы матчты өткізіп алмауға бекініп, туған қаласы Джеддадан Дохаға дейін жаяу шығып, 55 күн жүріп ...

    Read More »