Лионель Месси Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Сауд Арабиясы құрамасынан жеңілген Аргентина командасының ойыны туралы айтты. «Сауд Арабиясынан жеңіліп, психологиялық соққы алдық. Чемпионатты осылай бастаймыз деп ойламаған едік. Біз өзімізге сенімді болдық. Үш ұпай алып, жанымыз тыныш болсын дедік. Бірақ бәрінің оңай бола қоймайтынын көрдік. Біз қарсыласымызды жақсы біліп, ойнадық. Голды тез салдық. Содан кейін тағы да қақпаны дәл ...
Read More »Әлем чемпионаты
Франция құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында D тобындағы матчтар басталды. Осы топтағы фавортиттердің бірі – Франция Австралия құрамалары кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде алғаш болып австралиялықтар есеп ашты. Ойынның 9-минутында «жасыл құрлық» командасының шабуылшысы Крейг Гудвин гол салды. Одан кейін Австралия құрамасы 2018 жылғы әлем чемпиондарының шабуылдарына қарсы тұра алмады. 27-минутта Адриен Рабьо таразы басын теңестірді. Ал Оливье Жиру араға ...
Read More »Сенсация! Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан ұтылды
Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында алғашқы сенсация тіркелді. Әлем чемпионатының фавориттерінің бірі – екі дүркін әлем чемпионы Аргентина құрамасы С тробындағы қарсыласы — Сауд Арабиясы командасынан жеңіліп қалды. Бұл кездесуде бірінші болып Аргентина құрамасы есеп ашты. Ойынның 10-минутында Лионель Месси пенальтиден нысананы дәл көздеді. Екінші таймда Сауд Арабиясы құрамасы есепті теңестірді. Матчтың 48-минутта Салех Әл-Шехри гол салса, Салем Әл-Давсари ...
Read More »Англия құрамасы әлем чемпионатының рекордын жаңартты
Катарда өтіп жатқан әлем чемпинатында Англия құрамасы голға әкелген дәл пастар бойынша әлем чемпионаттарының рекордын жаңартты. Бұл рекорд бесінші голдан кейін тіркелді. Кездесуде ағылшындар бесінші голдан кейін бір-біріне 35 рет дәл пас беріп, Иран командасының қақпасына алтыншы голды салды. Матч 6:2 есебімен Англия құрамасының пайдасына шешілді. Кездесуде Грилиш, Джуд Беллингем, Маркус Рашфорд, Рахим Стерлинг бір-бірден гол салса, Букайо Сака ...
Read More »ӘЧ-2022: Жанкүйерлер сыраны талап етіп жатыр
Эквадор құрамасының жанкүйерлері футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатынан кейін Катарға қарсы ойын кезінде сыраны талап еткен. Матчтың бірінші таймында эквадорлық жанкүйерлер «Queremos cerveza» деп айқайлаған. Испан тілінен аударғанда бұл «біз сыра қалаймыз» дегенді білдіреді. Әлем чемпионаты басталардан екі күн бұрын ФИФА стадионда сыра сатуға тыйым салды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »ӘЧ-2022: Катар алғашқы матчта Эквадордан ұтылды
Катар құрамасы футболдан әлем чемпионатының ашылуында Эквадордан 0:2 есебімен ұтылды. Мундиалдың алғашқы матчы Әл-Хаур қаласындағы «Әл-Байт» стадионында болды. Кездесудегі екі доп та қақпаға бірінші таймда соғылды. Эквадорлықтар 3-минутта есеп ашқан еді. Бірақ алаңдағы арбитр офсайд болды деген есептемей тастады. Бұдан кейінгі бірінші гол пенальтиден салынды. Матчтың 16-минутында өзімен бетпе-бет шыққан Эквадор құрамасының шабуылшысы Эннер Валенсияны катарлық қақпашы өз айып алаңында ...
Read More »Катарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Катардың Әл-Хаур қаласындағы «Әл-Байт» стадионында футболдан әлем чемпионатының салтанатты сәті болып өтті. Ұйымдастырушылардың жоспарында ән әлемінің жұлдыздары Дуа Липаны немесе Шакираны салтанатқа қатыстыру болып еді. Алайда, олар бұдан бас тартқан болып шықты. Мұның есесіне, АҚШ-тың белгілі актері, «Оскар» сыйлығының лауреаты Морган Фриман мен Кореяның BTS тобының әншісі Чонгук салтанаттың бас қаһармандарына айналды. Турнирдің бойтұмары арабтың дәстүрлі бас киімі – куфии ...
Read More »Әлемнің үздік футболшысы әлем чемпионатына қатыспайтын болды
Футболдан Франция ұлтттық құрамасының шабуылшысы, «Алтын доп» иегері Карим Бензема жарақатына байланысты Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды. 19 қараша күні Бензама Франция құрамасымен бірге жалпы топта бірінші рет жаттығуға қатысты. Алайда, шабуылшы жаттығуды соңына дейін аяқтай алмады. Содан кейін ол Доха қаласындағы емханаға барып, тексерістен өткенде оның сан бұлшық етінен жарақат алғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, енді футболшының қатарға қосылуына ...
Read More »Бокстан әлем чемпионаты: бес спортшы келесі айналымға шықты
Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші күні шаршы алаңға сегіз боксшымыз көтеріліп, бесеуі келесі айналымға жолдама алса, үш спортшы ұтылып қалды. Күндізгі сессияда шаршы алаңға бірінші болып шыққан Гүлназ Бөрібаева (48 келі) жапон қызы Хори Руканы жарыс жолынан шығарып тастаса, 75 келідегі Дәулет Төлемісов Германияның боксшысы Сэммо Малекті айқын басымдылықпен ұтты. 50 келідегі Анита Адишева ...
Read More »ӘЧ-2022. Құрама командалардың құрамдары
Ертең Катарда футболдан ХХІІ әлем чемпионаты басталады. Оған 32 елдің ұлттық құрама командаcы қатысады. Төрт жылда бір рет өтетін дүрмекті додада жасыл алаңға шығатын футболшылардың тізімін ұсынуды жөн көріп отырмыз. А тобы КАТАР Қақпашылар: Саад Аль-Шииб, Мешаал Баршам (екеуі де – «Аль-Садд»), Юссеф Хассан («Аль-Гарафа»). Қорғаушылар: Абделькарим Хассан, Буалем Хухи, Ро-Ро, Тарек Салман, Мусаб Хедер (бәрі де – «Аль-Садд»), Исмаэль Мохаммад, Бассам Аль-Рави (екеуі де – ...
Read More »