• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футболдан U-20 әлем чемпионаты Аргентинада өтеді

    Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының Аргентинада өтетінін растады.

    ФИФА мундиальдың болатын күндерін өзгеріссіз қалдырды. Яғни, әлем чемпионаты 20 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Жеребе тарту рәсімі 21 сәуірде Швейцарияның Цюрих қаласында болады.

    Жеребеге дейін командалар мына қоржынға түсті. Осы қоржыннан құрамалардың қағазға жазылған аты оқылады. Одан кейін олардың қай топтарда ойнайтыны белгілі болады.

    Бірінші қоржын: Аргентина (алаң иесі), Уругвай, АҚШ, Франция, Сенегал, Италия;

    Екінші себет: Англия, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Бразилия, Колумбия, Эквадор;

    Үшінші себет: Нигерия, Жапония, Өзбекстан, Ирак, Гондурас, Фиджи;

    Төртінші себет: Гватемала, Доминикан Республикасы, Гамбия, Израиль, Словакия, Тунис.

    Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Индонезияда өтуі керек болатын. Алайда, ФИФА наурыз айының соңында Индонезияны жарысты өткізу құқығынан айырды. ФИФА Индонезияның кейбір қалалары Израиль құрамасын өз территориясына кіргізбейтінін айтқан соң осындай шешім қабылдаған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *