• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

    Дзюдодан Катардың астанасы – Доха қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.

    Дзюдо федерациясының мәліметіне қарағанда, әлем чемпионаты 7-14 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған.

    Қазір ұлттық құраманың балуандары  әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

    Катарда өтетін әлем чемпионатына мына спортшылар қатысады:

    Ерлер:

    60 кг: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

    66 кг: Ғұсман Қырғызбаев

    73 кг: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев

    81 кг: Абылайхан Жұбаназар

    90 кг: Дидар Хамза, Айдар Арапов (mix team)

    100 кг: Нұрлыхан Шархан

    100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Ғалымжан Қырықбай

    Әйелдер:

    48 кг: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

    52 кг: Толғанай Әбеуова

    57 кг: Бақыт Құсақбаева

    63 кг: Эсмигуль Куюлова

    70 кг: Анастасия Маякова

    78 кг: Аруна Жангельдина

    78 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

    Катарда жалауы желбірейтін әлем чемпионаты — 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада алдындағы соңғы әлем чемпионаты.

    Оның қорытындысы бойынша спортшылардың әлем және Олимпиада рейтингтеріне тиісті ұпайлар үлестіріледі.

    Әлем чемпионы – 2000, күміс жүлдегер – 1400, ал қола жүлдегер 1000 ұпай алады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *