Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңі басталды.
Бұған дейін хабарланғандай, ұлттық құрама Өзбекстанның астанасы -Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықтың алғашқы оқу-жаттығу жиыны аяқталған болатын. Енді боксшылар 29 сәуірге дейін «Алма-Тау» базасында әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін өткізеді. Одан кейін 30 сәуірде Ташкентке жол жүреді. Осы күні әлемдік доданың жеребе тарту рәсімі басталады.
Ұлттық құраманың алғашқы оқу-жаттығу жиыны өте жақмсы болды. Боксшылар өте ынта-жігермен жаттықты. Енді ақырғы дайындықты бастадық. Енді Түркістан облысындағы «Алма-тау» базасында басқа елдермен бірге оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Егер Австралия, Филлипин елдері келіп үлгерсе олар да бізбен бірге жаттығады. Ал қазір Армения мен Тәжікстанның құрамалары жаттығып жатыр. Осы біріккен жаттығуда арнайы тактикаға дайындаламыз. Содан кейін әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың тізімін жариялаймыз, — деді бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов.
Өзбекстанда бокстан әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында болады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram