Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 500 метр қашықтықтағы жеңісінен кейін отандасымыз 1500 метрде де үздік атанды. Шумекова бұл қашықтықты 1:56.06 уақыт көрсеткішімен аяқтап, жеке рекордын жаңартты. Күміс жүлде 1:56.36 нәтижесімен австриялық Джанин Роснерге бұйырса, жапониялық Аяно Секигучи (1:57.97) қола медаль ...
Read More »Әлем чемпионаты
Конькиші Кристина Шумекова — әлем чемпионы!
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Кристина Шумекова 500 метр қашықтықта 38,48 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озық шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл көрсеткіш спортшының жаңа жеке рекордына айналды. Күміс жүлдені канадалық Джулия Снелгров (38,78) иеленсе, қола медаль польшалық Виктория Дабровскаға (38,96) бұйырды. Осы қашықтықта Қазақстан намысын қорғаған өзге ...
Read More »Тараздан шыққан талант: Бекарыс Атыбектің жарыстарға дейінгі жолы
Шаңғы қоссайысшысы Бекарыс Атыбек елде өнер көрсетіп, құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп жүрген талантты спортшы. Ол Финляндия, Норвегия, Польша мен Ресейде жалауы көтерілген жарыстарға қатысып, көзге түскен. Қазір Тараз қаласынан шыққан спортшы ұлттық құрама деңгейіне дейін көтеріліп, FIS және Continental Cup жарыстарына қатысып жүр. Бұл деңгейде Скандинавия мектептері мен қысқы спорт түрлерінің ең мықты өкілдері басымдыққа ие. Шаңғы қоссайысында ...
Read More »Сайыпқыран. Бекарыс Атыбек — болашағынан зор үміт күттіретін шаңғышы
Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Қазіргі таңда елімізде қысқы спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді. Жас спортшылар ел намысын халықаралық ареналарда таныту үшін аянбай еңбектенуде. Солардың ішінде ерекше көзге түсетіні — талантты спортшы Бекарыс Ерданұлы Атыбек. Бекарыс Ерданұлы 2003 жылдың 4 сәуірінде Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. Бала кезінен спортқа, әсіресе трамплиннен секіру — батылдық пен техника талап ететін қиын ...
Read More »Үлкен спорттағы шындық
Жақында белгілі шаңғышы Мағжан Аманкелдіұлымен сұхбаттасудың сәті түсті. Ол халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы. Мағжан жастайынан қысқы спортты өзіне серік етіп, биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Жарыста жеңімпаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол көп еңбекті талап етеді. ...
Read More »Сайыпқыран. Мәреде – Мағжан!
Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі мақаланың кейіпкері халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы -Мағжан Аманкелдіұлы. Мағжан жас болса да бас бола білетінін көптеген жарыстарда көрсетіп, дәлелдеп келеді. Ол биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Спортшы қалалық кубок үшін жарыстан ...
Read More »Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы тізімді жариялады
4 қаңтарда 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Өскемен қаласында жиналып, IIA дивизионындағы әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиындарының алғашқы кезеңін бастайды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Турнир 19-24 қаңтар аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында болады. Дайындыққа Алматы, Қарағанды, Астана және Өскемен қалаларынан келген қыздар қатысады. Құрама сапындағы хоккейшілердің жасы 14 пен 17 жас аралығында. Жаттықтырушылар штабы әлем чемпионатына арналған кеңейтілген құрамды ...
Read More »Әмір Закиров — брейкингтен әлем чемпионы!
Әмір Закиров БАӘ-нің Дубай қаласында өтіп жатқан брейкингтен WFADS тұжырымы бойынша әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. B-Boy Amir лақап атымен танылған спортшымыз ересектер арасында ешкімге дес бермеді. Финалда жерлесіміз америкалық Мигель Анхель Росарионы (Bboy Gravety) жеңді. Осы арқылы Әмір Закиров қазақ брейкингінің әлемдік аренада жоғарғы бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Закиров ...
Read More »…Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!
…Әлем чемпионатының ауыз көпіртер әңгімелері аз емес! 2026 жылы үш мемлекеттің футбол алаңдарында өтетін бұл төрт жылдың басты футбол додасы күтпеген кемшіліктерге сүрініп, Инфантино бастаған ФИФА қарағым жерге қарап жүрмесе болғаны. Ондай талас-тартыстың шеті бүгін-ақ қылтиып тұр… Сонымен, 48 команданы жіліктеп-мүшелеп, 12 топқа бөліп, қораға қамадық. Оларға көктемде келіп қосылатын 8 команданы қоса айтып отырмын. АҚШ-тың 11, Мексиканың 3, Канаданың ...
Read More »… Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!
…Ұзақ-сонар былшылдан кейін командаларды 12 топқа бөлу басталды. Алғашқы үш команда — чемпионат өткізетін елдер — өз басшыларының «жеңіл» қолының құдіретімен алдын ала дайындап қойған топтарға топ ете қалды. Өзге командалардың қалай жіліктеліп-мүшеленгенін футболға құмар көзі қарақты оқырмандар көрді де, біледі де, телефонына көшіріп алды да, жаттап үлгерді де… Сондықтан ол топтарды бұл жерге топырлатып жазбауға да болар еді,бірақ ол ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары