Бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола медальға ие болды. Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалына дейін жетіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Боксшы Бразилияның спортшысы Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді. Жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Оңтүстік Американың өкілі жеңіске жетті. Осылайша, Виктория Графеева (60 келіге дейін) Қазақстан құрамасының ...
Read More »Әлем чемпионаты
Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасынан кімдер жартылай финалға шықты?
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты жартылай финалға жетті. Әзірше Қазақстан құрамасынан 8 спортшы ½ финалға шықты. Өзбекстан командасынан 9 боксшы жартылай финалда жұдырықтасатын болып отыр. Қытайдың былғары қолғап шеберлерінен 6 спортшы шаршы алаңға шығады. Сонымен бірге жартылай финалда Бразилия мен Англиядан 4 боксшы, Ирландия, Түркия, Үндістан, Австралидан 3 спортшы, Әзербайжан, Тайпей, Польша, Испания, Жапония, Куба, ...
Read More »Әли Әлиев бас жаттықтырушы қызметінен кететінін айтты
Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турниріндегі бесінші матчында Бельгия командасынан сырт алаңда 0:6 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев алаңға қақпашы Темірлан Анарбековтің орнына Мұхаммеджан Сейсенді шығарды. Сондай-ақ Ұлар Жақсыбаев, Серікжан Мужиков, Сұлтанбек Астанов, Оралхан Өміртаев негізгі құрамда алаңға шықты. Олардан басқа Ян Вороговский, Әлібек Касым, Нұралы Әліп, Рамазан Оразов, Ғалымжан Кенжебекке ұлттық ...
Read More »Сайыпқыран: Үш жарыста – үш қола жүлде!
Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Компаунд, құралмалы садақ бағдарламасы бойынша Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова бастаған командамыз қола жүлде үшін таласта Ұлыбританияны 232:228 есебімен жеңді. Осыған дейін ел тарихында 1993 жылы классикалық садақ атудан әйелдер сайысында Яна Туниянц ...
Read More »«Сындырамын қазір»: Төрехан Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Төрехан Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Ол 70 келіге дейінгі салмақта Алжир елінің боксшы Эсуф Яичемен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта төрешілер Африка өкіліне мойын бұра бастағанда қазақ боксшысы намысқа тырысып, үшінші раундта қарсыласын екі ерт есеңгіретіп, нокдуанға жіберді. Раундтар арасында Төрехан Сабырханның «Сындырамын қазір», деп жаттықтырушысына айтқан сөзі де естіліп ...
Read More »Қазақстан құрамасы Уэльстен жеңілді
Бүгін «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан мен Уэльс ұлттық құрама командалары 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінде кезекті рет жасыл алаңға шықты. Бұған дейін командалар «Кардифф сити» стадионында ойнап, сол матчта Уэльс жасағы Қазақстан құрамасын 3:1 есебімен жеңген еді. Бүгінгі екінші матчта да Уэльс алаң иелерінен басым түсті. Матч 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойында 25-минутта Киффер Мур жалғыз голдың ...
Read More »Дзюдошылар әлем чемпионатынан бес медаль алып келді
Болгарияның астанасы — София қаласында дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыста Қазақстан құрамасы бес медальді жеңіп алды. 60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлдені иеленді. Ал 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден аса салмақта Әділжан Жаудинов ...
Read More »Қазақстан құрамасы дайындықты бастады
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турниріндегі Уэльс пен Бельгия командаларымен матчтарға дайындықты бастап кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Қазақстан құрамасы J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн командаларымен сынға түсіп жатыр. Осы топта ел құрамасы 4-орында тұр. Ұлттық құрама Уэльс (1:3) пен Солтүстік Македония (0:1) командаларынан жеңіліп, Лихтенштейнді (2:0) жеңді. Енді 4 қыркүйекте Астанада ...
Read More »Уэльс пен Бельгия Қазақстанмен матчқа жаңа ойыншыларды шақырды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанмен ойнайтын Уэльс пен Бельгия ұлттық құрама командалары ойыншыларының тізімі жарияланды. Қазақстан мен Уэльс матчы 4 қыркүйекте Астана қаласында болады. Алғашқы ойында Қазақстан Уэльстен сырт алаңда 1:3 есебімен жеңілген болатын. Ойыншылар тізімі: Қақпашылар: Дэнни Уорд («Лестер»), Карл Дарлоу («Лидс»), Адам Дэвис («Шеффилд Юнайтед»). Қорғаушылар: Бен Дэвис («Тоттенхэм»), Джо Родон («Лидс»), Крис Мефам («Сандерленд»), ...
Read More »Сайыпқыран: Қола жүлдені Жаудинов алды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділжан Жаудинов Болгарияның София қаласында кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Дзюдошы 90 келіден аса салмақ дәрежесінде финаға дейін жетті. Үшінші орын үшін белдесуде Жаудинов Чехия спортшысы Меличар Школаны жеңді. Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес жүлде бар. Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Мұхаммедәлі ...
Read More »