Кеше түн жарымы ауғанша Американың Вашингтонында болған 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канада мемлекеттерінде өтетін кезекті доп додасының, яғни, әлем чемпионатының, жеребе тарту рәсімін тамашаладым. Өзім ғұмырымда бес рет куә болған әлемдік доп додалары (Испания-82, Мексика-86, Италия-90, Франция-98, Бразилия-2014) көз алдымда, бұл жаңа ғасырда да төрт жылда бір айналып соғар футбол тойына тура бір өзім баратындай-ақ аузым аңқайып, тележәшікке кіріп ...
Read More »Әлем чемпионаты
Таэквондошы Батырхан Төлеуғали — әлем чемпионы!
Таэквондошы Батырхан Төлеуғали (87 кг) Кенияның Найроби қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол финалда Иран елінің өкілі Мохаммед Ализадені жеңді. Оған дейін отандасымыз австралиялық Стюарт Джоубты, бейтарап елдің өкілі Владислав Будинді жеңген еді. Чемпионатта таэквондодан Қазақстан құрамасы екі алтын, бір қола жүлдені жеңіп алды. Осыған дейін Бейбарыс Қаблан (87 ...
Read More »Футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Бүгін АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Онда мундиальға қатысатын ұлттық құрама командалар төрт қоржынға бөлінді. Қазір чемпионатта ойнайтын 42 команда белгілі болып отыр. Ал қалған құрамалар келесі жылы көктемде плей-офф ойындарында анықталады. А тобы: Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, еуропалық С жолы плей-оффы (Дания/Солтүстік Македония/Чехия/Ирландия) B тобы: Канада, еуропалық А жолы плей-оффы (Италия/Солтүстік Ирландия/Уэльс/Босния ...
Read More »Таэквондодан U21 ӘЧ: Темірлан Тілеулес — қола жүлдегер!
Таэквондодан Кенияның астанасы Найробиде өтіп жатқан U21 санатындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыстың екінші күнінде 63 келідегі Темірлан Тілеулес жартылай финалға дейін жетіп, драмаға толы жекпе-жекте Түркия спортшысына соңғы секундта есе жіберді. Кеше Бейбарыс Қаблан U21 санатындағы әлем чемпионатының тұңғыш алтын жүлдесін иемденген еді. 3-6 желтоқсан ...
Read More »Таэквондошы Бейбарыс Қаблан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Бейбарыс Қаблан таэквондодан Кенияның астанасы Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол 87 келіден аса салмақта ел намысын қорғап, әлем чемпионы атанды. Бейбарыс Қаблан финалда Оңтүстік Кореяның өкілі Ян Чжунёнды жеңді. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Каратэден ӘЧ: Софья Берульцева – күміс жүлдегер!
Ұлттық құраманың көшбасшысы Софья Берульцева Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және және министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз +68 кг салмақтың финалында Германия спортшысы Йоханна Колено Книрмен күш сынасты. Тартысты жекпе-жекте қарсылас басым түсті. Осыған қарамастан Софья Берульцева қазақ спорты тарихындағы ең табысты каратэ шеберінің бірі болып қала береді. Оның ...
Read More »Каратэден ӘЧ: Дидар Әмірәлі мен Әсел Қанай – қола жүлдегер!
Бүгін Мысырдың астанасы Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында кумитеден 61 кг дейінгі салмақта отандасымыз Әсел Қанай мен 67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірәлі үздік үштіктен көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Әсел Қанай жүлде жолында украин Олександра Шолоховадан басым түсті. Есеп: 3:2. Әселдің биылғы чемпионаттағы жекпе-жектеріне шолу: Топтық кезең: Әсел Қанай ...
Read More »Сүйінші! Ләззат Жүсіпова пара-каратэден тарихи жүлде жеңіп алды
Бүгін Мысырдың астанасы Каир қаласында пара-каратэден (WKF) әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі. Биылғы додада Қазақстан құрамасының қоржынына 1 қола жүлде түсті. К10 категориясында (зағип/көзі нашар көретін спортшылар) сынға түскен отандасымыз Ләззат Жүсіпова үздік үштікке кірді. Жаттықтырушысы — Мейрамгүл Дукуева. Спортшы 2017 жылдан бері әлемдік додаға қатысып келеді. Бұл — Қазақстан қоржынына пара-каратэшілер арасында түскен алғашқы ...
Read More »Алақандай ел әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды
Кюрасао елі тарихта көлемі жағынан футболдан әлем чемпионатына шыққан ең кішкентай мемлекет атанды. Ол Ямайкамен матчта 0:0 есебімен тең түсіп, 2026 әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Аралда небәрі 156 мың адам тұрады. Ал оның аумағы — 444 км². Команданы нидерландиялық жаттықтырушы Дик Адвокат басқарады. Оның жасағы бірде –бір рет жеңілген жоқ. Керісінше, қарсыластарын үлкен есеппен жеңді. Оның ішінде Бермуд аралдарымен ...
Read More »Байсуфиновке «бес» деген баға береміз! (ВИДЕО)
Бүгін кешке «Астана Арена» екі сағаттай теңселіп тұрды. Осы күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын Бельгия командасымен ойнап, жанкүйерге керемет кеш сыйлады. Бұл матч 1:1 есебімен аяқталды. Сөйтіп, Талғат Байсуфинов жасақтаған ұлттық құрама дүниежүзілік рейтингте 8-орында тұрған азулы қарсыласымен тең түсіп, жанкүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Әңгіменің ашығын айтсақ, көп адам Қазақстан құрамасының ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары