Таэквондодан Кенияның астанасы Найробиде өтіп жатқан U21 санатындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың екінші күнінде 63 келідегі Темірлан Тілеулес жартылай финалға дейін жетіп, драмаға толы жекпе-жекте Түркия спортшысына соңғы секундта есе жіберді.
Кеше Бейбарыс Қаблан U21 санатындағы әлем чемпионатының тұңғыш алтын жүлдесін иемденген еді.
3-6 желтоқсан аралығында жалғасатын әлемдік додада 79 елден 452 спортшы бақ сынап жатыр.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары