• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: қола жүлдегер

    Дзюдодан АЧ: Жанарыс Рахметқали – қола жүлдегер!

    Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Olympic.kz. 66 келі салмақта сынға түскен ол кіші финалда командаласы Ғұсман Қырғызбаевтан басым түсті. Бұл – Жанарыс Рахметқалидың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі. Ол сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Бірінші жарыс күнінде әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 кг) қола медаль иеленген болатын.

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Ғалия Тынбаева алғашқы медалін алды

    Ғалия Тынбаева — Гонконг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол 48 кг дейінгі салмақтың кіші финалында отандасы Абиба Әбужақыновадан басым түсті. Осыған дейін Бішкек (2021 жыл) пен Астанада(2022 жыл) өткен құрлық додасында күміс жүлдеге ие болған Абужақынова 3 «шидо» (ескерту) алып, үздік бестікті түйіндеді. Азия чемпионы рейтингте 700, күміс ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Мейрамбек Қартбай қола жүлде үшін күреседі

    Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың спортшысы Мейрамбек Қартбай (57 кг)  жартылай финалда қарсыласына есе жіберді. Мейрамбек Қартбай мен Кенто Юмия арасындағы белдесу 2:4 есебімен жапон балуаны жеңіске жетті.  Оған дейін Қартбай ширек финалда өзбекстандық Нодирбек Жұманазаровты жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын. Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Мейіржан Әшіров (70 кг) Түркменстан спортшысы Перман Хоммадовтан ...

    Read More »

    «Grand Prix – 2024»: пара дзюдошы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды

    Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі. Қазақстан пара дзюдо федерациясының хабарлауынша, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті. Ол – ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Турнирге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.

    Read More »

    Көркем гимнастшылар Грекияда үш алтын медаль жеңіп алды

    Грекияның Афины қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Афродита» кубогы үшін турнирде Ерік Жайлауова, Айбота Ертайқызы мен Милана Парфилова Грекияда өткен халықаралық турнирде 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Telegtam-дағы tvalmaty арнасы. Милана Парфилова ұршық жаттығуында қола, лентамен жаттығуда күміс,  Айбота Ертайқызы таспамен және  ұршықпен жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Айботаның еншісінде доп жаттығуынан қола медаль бар. ...

    Read More »

    Қазақстан каратэшілері Түркияда бес жүлде алды

    Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League — Antalya 2024 турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оған 60 елден үздік 400-ге жуық татами шебері қатысса, соның ішінде дүниежүзі рейтингінде әр салмақтың үздік 32 (ТОП-32) спортшысы бақ сынады. Елімізден 14 каратэші күш сынасты. Кумите бағдарламасында 50 келіге дейінгі салмақта қатысқан Мөлдір Жаңбырбай финалдағы ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан тағы екі жүлде алды

    Бүгін Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында еліміздің спортшылары тағы екі жүлдені жеңіп алды. 1 метрлік тұғырдан суға секіру жекелей сайысында ұлдар арасында Назар Қожанов 357.75 ұпай алып, күміс медальді, қыздардың бәсекесінде Диана Жұмағұлова қола жүлдені иеленді. Ұлдар жарысында Жапония өкілі Азия чемпионы атанса, үшінші орынды Кувейттің спортшысы қанағат тұтты. Қыздар сынында алтын медаль Малайзияның ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Қазақстан құрамасы велотректен Үндістанның астанасы – Дели қаласында ересектер арасында 43-ші, жасөспірімдер арасындағы 30-шы, параспортшылар арасындағы XII рет өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Чемпионаттың алғашқы күні із кесу жарысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдені иеленді. Олардың уақыт көрсеткіші — 4:03.129 ...

    Read More »

    Абу-Дабиде Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан екі жүлде жеңіп алды

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында мәнерлеп сырғанаудан Abu Dhabi Classic Trophy-2024 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы София Фарафонова эстониялық Натали Лангербаурға есе жіберіп, 129.30 ұпаймен екінші орынға ие болды. Тағы бір отандасымыз Анна Левковецке (127.79 ұпай) қола жүлде бұйырды. Сондай-ақ Нұрия Сүлеймен  төртінші орыннан ...

    Read More »

    Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдені жеңіп алды (ФОТО)

    Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан спортшылары тағы бір жүлдені жеңіп алды. Бұл жолы хоккейден құрама команда қола медаль үшін ойында Аустрия құрамасын 6:5 есебімен жеңіп, үшінші орынды иеленді. Бұл матч қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 пішінінде болды. Онда команда құрамында Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул ...

    Read More »