Бүгін Мысырдың астанасы Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында кумитеден 61 кг дейінгі салмақта отандасымыз Әсел Қанай мен 67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірәлі үздік үштіктен көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әсел Қанай жүлде жолында украин Олександра Шолоховадан басым түсті. Есеп: 3:2.
Әселдің биылғы чемпионаттағы жекпе-жектеріне шолу:
Топтық кезең:
Әсел Қанай – Вафа Махжуб (Тунис) 1:2
Әсел Қанай – Али Хани (Үндістан) 8:0
Әсел Қанай – Нина Радженович (Швейцария) 3:1.
1/8 кезең: Әсел Қанай – Әли Нурсен (Мысыр) 5:2
Ширек финал: Әсел Қанай – Гонг Ли (Қытай) 1:1.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен жарыстағы 2-жүлде.
Бүгін ерлер арасында Дидар Әмірәлі де қола медалист болды. Ол кумитеден -67 кг салмақта қола медаль үшін айқаста чилилік Фрейре Фуэнтес Томас күш сынасты. Қарсыластың қатаң ереже бұзуына байланысты Халықаралық каратэ федерациясының (WKF) шешімімен Чили спортшысы айқастан шеттетіліп, жеңіс Дидар Әмірәліге берілді.
Ұлттық құрама спортшысының Каирдегі жекпе-жектеріне шолу:
Топтық кезең:
Дидар Әмірәлі — Мұхаммед Оздемир (Тунис) 1:2
Дидар Әмірәлі — Озер Омер Абдурахим (Түркия) 2:2.
Дидар Әмірәлі- Уильямс Жоди (Оңтүстік Африка) 7:0.
1/8 кезең: Әли Ельсави (Мысыр) 5:4.
Ширек финал: Саид Убая (Марокко) 5:5.
Дидар осыған дейін 2023 жылы Мажарстан астанасы Будапеште өткен әлем чемпионатында осы салмақта 3-орын алған. Бұл – оның екінші медалі.
WKF каратэ елімізде бұқаралық сипат алған спорт түрінің қатарында.
Бүгінде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді әрі биыл Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне енді. WKF каратэ Азия ойындары, Дүниежүзілік ойындар, Ислам Ынтымақтастығы және ТМД елдері ойындары сынды көптеген кешенді жарыстың бағдарламасында бар.

SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары