Слаломды есуден Қытайдың Сяси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Александр Коробов пен Екатерина Таранцева «байдарка-кросс» сынында көзге түсті. Коробов екінші орын алса, Таранцева қола жүлдегер атанды. Бұған дейін Таранцева «байдарка жалғыз» жарысында күміс медаль алған болатын. Ал Александр Куликов пен Анастасия Ананьева «каное жалғыз» сайысында қола жүлде иеленген еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА ...
Read More »Tag Archives: қола жүлдегер
Бадминтон: Қазақстан құрамасы Африкада қола жүлдені иеленді
Бадминтоннан Қазақстан құрамасының өкілдері Дмитрий Панарин мен Мақсұт Тәжібуллаев Гананың Аккра қаласында өткен JE Wilson Ghana International 2025 турнирінде қола медаль жеңіп алды. Олар ерлер арасындағы жұптық сайыста үшінші орынды иеленді. Спортшылар турнирдің ½ финалына дейін жетіп, үнді Абинаш Моханти мен Аюш Паттанаяктан жеңіліп, қола жүлдегер атанды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Бокстан АЧ: Қазақстан спортшылары бес қола медаль алды
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты одан әрі жалғасуда, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Бүгін 19 жасқа дейінгі санатта әйелдер арасындағы жекпе-жектер аяқталды. Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Аяжан Ермек (57 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) финалға шықты. Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге ...
Read More »Зәуреш Ақашева — WTT Feeder турнирінің қола жүлдегері!
АҚШ-тың Спокане қаласында үстел теннисінен өткен WTT Feeder халықаралық турнирінде ұлттық құрама команданың өкілі Зәуреш Ақашева қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол жұптық сында словениялық Анна Тофантпен бірге ойнап, қола медаль үшін матчта жеңіске жетті.
Read More »Тарихи қола жүлде
Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстаннның намысын қорғаған төрт саңлағымыз қола жүлдені жеңіп алып, әлемді аузына қаратты. Сын алаңына шыққан Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжановтар төрттігі үшінші орын үшін бәсекеде осы спорт түрінде алдына жан салмай әлемдік рейтингте үшінші сатыда келе жатқан Франция құрамасын тас-талқан етіп жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Бұл ...
Read More »Дзюдошылар Универсиадада қола жүлдені иеленді
Германияда өтіп жатқан Универсиадада дзюдодан Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Бірінші күні спортшылар финалдық кезеңге жолдама алып, үшінші орыннан көрінді. 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан қола медаль үшін өткен белдесуде грузиялық Лука Модебадзені жеңсе, 66 килоға дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев Украинаның өкілі Микита Холобородькодан басым түсіп, үшінші орынға ие болды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Әйелдер күресі: Жәмила Бақбергенова мен Нилуфар Райымова жүлде алды
Осы күндері Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирі болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бүгінгі жарыс күнін балуан қыздарымыз 1 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады. Ұлттық құрама көшбасшысы Жәмила Бақбергенова (72 кг) финалда Үндістан өкілі Харшита Харшитаға жол берді. Тағы бір отандасымыз Нилуфар Райымова (57 кг) қола ...
Read More »Ботагөз Қапанова халықаралық турнирде қола жүлдені иеленді
Таеквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Қазақстан таеквондо федерациясы. Ол жартылай финалда Қытай спортшысына есе жіберді. (WT) Chuncheon Open турнирі G2 санатына жатады. Жарыс әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын дода болып саналады.
Read More »Байдарка мен каноэде есу: Қазақстан «Мықтылар кубогында» қола медаль алды
Белурасьтің Минск қаласында байдарка мен каноэде есуден «Мықтылар кубогы» турнирі болды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлде жеңіп алды. 500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болды. Турнирге тоғыз елдің спортшылары қатысты. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Таеквондодан Қазақстан 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды
Бүгін таеквондодан АҚШ-тың Шарлотт қаласында Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңі, ал Австрияның Инсбрук қаласында дәстүрлі Austrian Open турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. АҚШ-тағы турнирдің соңғы күні Нодира Ахмедова 49 кг дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Лю Ю Юнға (Қытайдың Тайпейі) есе жіберді. Осыған дейін Тамерлан Тілеулес (-58 кг) пен Батырхан ...
Read More »