• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: қола жүлдегер

    Тарихи қола жүлде

    Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстаннның намысын қорғаған төрт саңлағымыз қола жүлдені жеңіп алып, әлемді аузына қаратты. Сын алаңына шыққан Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжановтар төрттігі үшінші орын үшін бәсекеде осы спорт түрінде алдына жан салмай әлемдік  рейтингте үшінші сатыда келе жатқан Франция құрамасын  тас-талқан етіп жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Бұл ...

    Read More »

    Дзюдошылар Универсиадада қола жүлдені иеленді

    Германияда өтіп жатқан Универсиадада дзюдодан Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Бірінші күні спортшылар финалдық кезеңге жолдама алып, үшінші орыннан көрінді. 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан қола медаль үшін өткен белдесуде грузиялық Лука Модебадзені жеңсе, 66 килоға дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев Украинаның өкілі Микита Холобородькодан басым түсіп, үшінші орынға ие болды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Әйелдер күресі: Жәмила Бақбергенова мен Нилуфар Райымова жүлде алды

    Осы күндері Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирі болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бүгінгі жарыс күнін балуан қыздарымыз 1 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады. Ұлттық құрама көшбасшысы Жәмила Бақбергенова (72 кг) финалда Үндістан өкілі Харшита Харшитаға жол берді. Тағы бір отандасымыз Нилуфар Райымова (57 кг) қола ...

    Read More »

    Ботагөз Қапанова халықаралық турнирде қола жүлдені иеленді

    Таеквондошы Ботагөз Қапанова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Chuncheon Korea Open (G2) халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Қазақстан таеквондо федерациясы. Ол жартылай финалда Қытай спортшысына есе жіберді. (WT) Chuncheon Open турнирі G2 санатына жатады. Жарыс әлемнің үздік таеквондошылары қатысатын дода болып саналады.  

    Read More »

    Байдарка мен каноэде есу: Қазақстан «Мықтылар кубогында» қола медаль алды

    Белурасьтің Минск қаласында байдарка мен каноэде есуден «Мықтылар кубогы» турнирі болды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлде жеңіп алды. 500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болды.  Турнирге тоғыз елдің спортшылары қатысты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Таеквондодан Қазақстан 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды

    Бүгін таеквондодан АҚШ-тың Шарлотт қаласында Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңі, ал Австрияның Инсбрук қаласында дәстүрлі Austrian Open турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. АҚШ-тағы турнирдің соңғы күні Нодира Ахмедова 49 кг дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Лю Ю Юнға (Қытайдың Тайпейі) есе жіберді. Осыған дейін Тамерлан Тілеулес (-58 кг) пен Батырхан ...

    Read More »

    Қазақстан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың спортшылары командалық көпсайыста үшінші орынға шықты. Жүлдеге Нұртан Ыдырысов, Роман Хегай, Артём Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман мен Өмірсерік Досжан ие болды. Командалық көпсайыста бірінші орынды Жапония иеленсе, екінші орынға Оңтүстік Корея құрамасы көтерілді. Бұған дейін ересектер құрамасы да Азия чемпионатында ...

    Read More »

    Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен қола жүлдегер атанды

    Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды. Ол жарыста төрт рет ойнап, жартылай финалға шықты. Бірақ, 1/2 финалда Бекмұхамбетова қарсыласынан жеңіліп қалды. Осылайша, ол үшінші орынды қанағат тұтты. Бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Болгария мен Испанияда өткен турнирлерде жеңіске жеткен еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Нұрсұлтан Алтынбек бокстан Таиландтағы турнирдің қола жүлдегері атанды

    Боксшы Нұрсұлтан Алтынбек 55 келі салмақта Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалдық жекпе-жекте Таиланд боксшысына 1:4 есебімен жол берді. Оның алдында боксшы ширек финалда жапониялық Мизогучи Сехуроны 5:0 есебімен жеңген болатын. Дәстүрлі турнир 24 мамырда басталған еді. Ол 1 маусымға дейін болады. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Ясмина Тоқсанбаева – қола жүлдегер!

    Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымға спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-орынға орналасты.  

    Read More »