• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиялық комитет

    Семсерлесушілер Азия кубогының иегері атанды

    Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия кубогының екінші күнінде бірнеше жүлдеге ие болды.

    Рапирамен семсерлесуден командалық жарыста Еділ Құсман, Валентин Сладков, Евгений Токанов пен Мансұр Естеу қарсыластарын жеңіп, Кубоктың иегері атағын алды.

    Қазақстан құрамасы қылыш қаруымен айқасудан қыздар арасындағы командалық сайыста екі жүлдені иеленді.

    Күміс медальді Найля Исхакова, Айғаным Какенова, Айша Сыздық пен Леона Югай алса, София Андриянова, Арина Фролова, Айдана Қаратаева мен София Яковлева қола медальді қанағат тұтты. Сонымен қатар, рапирамен семсерлесуден Алуа Мұқанова жекелей сайыста үшінші орынға орналасты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *