• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: алтын жүлде

    Пара таеквондодан ӘЧ: Қазақстан үш медаль жеңіп алды

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының хабарлауынша, Қырғызстанның Бішкек қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатында Диас Рысбеков 54 келіге дейінгі  салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Сонымен бірге  58 келіге дейінгі салмақта Аян Абдраш күміс жүлдені, Мәди Сейсенбаев осы салмақта қола медальді иеленді. ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Литвада 6 алтын медаль алды

    Бокстан Литваның Каунас қаласында Альгирдас Шоцикас атында өткен халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары 6 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Сонымен бірге ұлттық құрама 3 күміс және 2 қола медаль иеленді. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңді. Жандос Қыдырәлиев (63, 5 кг) ирландиялық Паул Хэйл ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан тарихи нәтиже көрсетті

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен әр жастағы XI Азия чемпионатында жүзуден жарыс аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Соңғы жарыс күні спортшылар тағы 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. А тобында Әділбек Мусин (50 м баттерфляй), Ксения Игнатова (шалқалай жүзу 200 м), София Сподаренко (50 м баттерфляй) чемпион атанса, Диана Тасжанова 200 ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан 8 алтын медаль жеңіп алды (ФОТО, ВИДЕО)

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші күні Қазақстан спорртшылары 10 медальді, оның ішінде 8 алтын жүлдені жеңіп алды. А және В тобында Әділбек Мусин, Максим Сказобцов пен Софья Сподаренко баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуден чемпион атанса, брасс әдісімен 50 метрге сынға түскен Аделаида Пчелинцева мен Арсен Қожахметов алтын жүлдені иеленді. Сол сияқты 50 метрге ...

    Read More »

    Гимнасшы Нариман Курбанов Әлем кубогының иегері атанды

    Гимнасшы Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы өзінің оң жамбасына келетін ат снарядындағы жаттығуда ешкімге дес бермеді. Финалда ол 15 433 балл алды. Іріктеуде Нариман Курбанов 15 600 ұпай жинап, көш басына шыққан еді. Нариман Курбанов былтыр осы Котбустағы кезеңде ...

    Read More »

    Карина Шеин – халықаралық турнирдің жеңімпазы!

    15-18 ақпан аралығында БАӘ астанасы — Әбу-Даби қаласында мәнерлеп сырғанау спорт түрінен Abu Dhabi Classic Trophy атты халықаралық турнир өтті. Қыздар арасындағы жарыста Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектептің оқушысы, мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің спортшысы  Карина Шеин чемпиондық атақты жеңіп алды. Үлкен қыздар арасындағы сайыста Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінің 10 сынып оқушысы, мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің көш бастаушы спортшысының бірі Анна Левковец ...

    Read More »

    Конькишілер Әлем кубогында тарихи нәтиже көрсетті

    Осы демалыс күндері конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Канада мен Жапонияда өткен Әлем кубогы кезеңдерінде тарихи нәтиже көрсетті. Еліміздің қоржынына екі алтын, үш күміс, алты қола медаль түсіп, спортшыларымыз әлемдік рейтингте көш бастады. 2-4 ақпанда Канаданың Квебек қаласында ересектер арасында өткен Әлем кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте бақ сынап, еліміздің тарихында тұңғыш рет қола жүлдеге ие болды. Команда құрамында тәжірибелі ...

    Read More »

    Қазақстан алғаш рет су спортынан алтын жүлде алды

    Катардың астанасы – Доха қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің спортшылары алғаш рет алтын жүлдені жеңіп алды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Эдуард Ким мен Нарғыз Болатова жұбы техникалық бағдарламада чемпион атанып, әнұранымызды шырқатты. Ұлттық құраманың қос спортшысы финалда 228,0050 ұпай жинады. Төрешілер бағдарлама қиындығы жағынан олардың өнерін жоғары бағалады (31.5000 балл). Бұл – ...

    Read More »

    Канвон-2024: Қазақстан қысқы Олимпиадада 20-орын алды

    Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында Азия құрлығында алғаш рет өткен қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасы аяқталды.   Каннын қаласындағы Youth Olympic Park кешеніндегі жабылу салтанатында еліміздің көк байрағын Берік Боранбаев пен Мерей Тастемір ұстап шықты. Ашық аспан астында өткен кеш кезінде семсерлесуден Олимпиада чемпионы, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах Оңтүстік Корея мемлекетіне жарысты ұйымдастырып, лайықты деңгейде өткізгені ...

    Read More »

    Канвон-2024: Қазақстан қысқы Олимпиадада алғаш рет алтын жүлде алды (ФОТО)

    Оңтүстік Кореяда қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасы мәресіне жетті. 19-қаңтарда басталған Олимпиадаға 78 елден 1803 спортшы келді. Тунис пен БАӘ елінің спортшылары алғаш рет қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бақ сынады. Олар 7 спорт түрінен (15 бағдарламада) 81 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Ал Қазақстан намысын спорттың 5 түрінде (9 бағдарлама) 41 жасөспірім қорғады. Нәтижесінде ел спортшылары 1 алтын, 2 қола медальмен ...

    Read More »