Семсерлесуден Үндістанда кадеттер арасында өткен Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Айбар Қайым қылыш қаруымен айқасудан бірінші орын иеленді. Сонымен бірге Полина Лесовская да алтын медаль жеңіп алды. Ол қылышпен айқасудан турнирдің үздік спортшысы атанды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Tag Archives: алтын жүлде
912 медаль – 8 айдағы рекорд: отандық спортшылар тарихи нәтижеге жетті
Қазақстан әлемдік спорт аренасындағы беделін нығайтып келеді. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында отандық спортшылар 912 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 351-і – алтын, 270-і – күміс, 291-і – қола. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Отандастарымыз мұндай жетістікке мемлекеттің спортқа жүйелі қолдауының, жаттықтырушылар құрамының орасан зор еңбегінің, спорт федерацияларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұған қоса ұлттық құрамаға ...
Read More »Бокстан ӘЧ: Қазақстан алтын жүлдені санап алып жатыр
Бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командалары алтын жүлде үшін жан алысып, жан беріскен таласта алдына жан салмай келеді. Бүгін бірінші болып жүлдені Назым Қызайбай жеңіп алды. Ол 48 келіге дейінгі салмақтың финалдық жекпе-жегінде үнді Минакшимен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раунд 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. ...
Read More »Семсерлесушілер Азия кубогының иегері атанды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия кубогының екінші күнінде бірнеше жүлдеге ие болды. Рапирамен семсерлесуден командалық жарыста Еділ Құсман, Валентин Сладков, Евгений Токанов пен Мансұр Естеу қарсыластарын жеңіп, Кубоктың иегері атағын алды. Қазақстан құрамасы қылыш қаруымен айқасудан қыздар арасындағы командалық сайыста екі жүлдені иеленді. Күміс медальді Найля Исхакова, Айғаным Какенова, Айша Сыздық пен Леона Югай ...
Read More »Күрестен ӘЧ: Қазақстан төртінші жүлдесін жеңіп алды
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы белдесулерін аяқтады. Дүбірлі доданың соңғы күні екі отандасымыз бозкілемге шықты. Бірінші болып 87 келіге едйінгі салмақта Темірлан Тұрдақын күресті. Ол қола медаль үшін белдесуде Әзербайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді. Одан кейін 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күш сынасты. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ...
Read More »Каратэден АЧ: Қазақстан алғаш рет төрт алтын медаль жеңіп алды
Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан каратэден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы 3 алтын медаль түсті, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ересектер арасында алғаш рет құрлық чемпионатына қатысып жатқан Дайяна Даренская 68 кг дейінгі салмақтың финалында жапон спортшысы Кама Цубасаны жеңді. Осыдан кейін татамиге шыққан әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов (-75 ...
Read More »Ақ Азиада аяқталды
Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. Ел қоржынына алтын жүлдені биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадан синхронды секіруден, шорт-тректен және хоккейден ерлер құрамасы салды. Күміс жүлдені ...
Read More »QATAR OPEN: Қазақстан қоржыны тағы 8 алтын жүлдемен толықты
Қатардың астанасы — Дохада таеквондодан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан ересектер құрамасы жарыстың соңғы күні атап айтарлық нәтиже көрсетіп, бірнеше медаль жеңіп алды. Мария Севостьянова, Нұрай Бауыржанова, Нұрай Құсайынова, Назым Махмұтова, Тамерлан Тілеулес, Нұрбек Ғазез, Бекарыс Бекенов пен Абдурахман Марипов алтын медальді иеленсе, Азиза Қаражанова, Батырхан Төлеуғали, Әнуап Мұхамедкәрімов мен ...
Read More »Шахматшы Қазыбек Нөгербек әлем чемпионы атанды
Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір Қазыбек Нөгербектің FIDE-дегі рейтингі — 2501. Нөгербек инновациялық білім беру бағдарламасында шахматтан педагог-жаттықтырушы мамандығы бойынша оқиды. Бұл жеңіс шахматшыға алтын медаль ғана емес, Әлем кубогына ...
Read More »Милад Карими спорттық гимнастикадан алғаш рет Азия чемпионы атанды
Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Милад Карими кермедегі жаттығуда ең көп ұпай жинап (15.033 балл), биылғы сары құрлық чемпионатындағы үшінші медалін иеленді. Ол осыған дейін көпсайыс пен еркін жаттығуда күміс жүлде алған. Бұл — 24 ...
Read More »