• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: алтын жүлде

    Жеңіл атлетика: Элина Михина Азия чемпионы атанды

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан  жабық кешендегі Х Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз топ жарды. Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Элина Михина алдына жан салмай, құрлық чемпионы атанды. 28 жастағы атлет бұл қашықтықты 54.07 секундта жүгіріп өтті. Қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.   Шамкен БАЙЫРБЕК, ФОТО: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту ...

    Read More »

    Тұңғыш әлем чемпионы елге қола жүлде де әкеле жатыр

    Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев алтын жүлдемен қоса қола медаль жеңіп алды. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, Эльмира Әлиева жаттықтыратын 15 жасар спортшы мысырлық Хана Годамен аралас жұпта әлем чемпионы атанса, жекелей сында үздік үштікке ілікті. Жекелей сында 15 жастағы жасөспірімдер арасында франциялық Флавиен Котон топ жарса, жапониялық Ёшияма Казуки екінші орынға ие болды. Алан ...

    Read More »

    Апалы-сіңлілі Бақбергеновалар АҚШ-та жеңімпаз атанды

    АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дәстүрлі Билл Фаррелл мемориалы аяқталды. Бұл белдесулерге еліміздің еркін және әйелдер күресінің құрама командасы қатысты. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында апалы-сіңлілі Мәдина (68 кг) мен Жәмила Бақбергеновалар (72 кг) өз салмағында топ жарса, Марина Седнева күміс медальді (57 кг), Алтын Шағаева (55 кг) қола жүлдені жеңіп алды. Бұл — Мәдина мен Жәмила екеуі бірге ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Қазақстан каратэшілері алтын жүлде алды

    Қазақстан каратэшілері Түркияның Конья қаласында өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл додаға әлемнің 105 елінен 1900 спортшы қатысып, күш сынасты. Онда Максим Москвичев жасөспірімдер арасында 61 келі салмақта топ жарды. Тағы бір отандасымыз Әлихан Қадырғали кадеттер арасында 70 келі салмақта сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көтерілсе, жарысқа 55 келі салмақта жасөспірімдер арасында қатысқан Бэлла Самашева ...

    Read More »