Бүгін Амман қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 Азия чемпионатының (U15&U20) үшінші күні бозкілемге U15 еркін күрес балуандары шығып, ел қоржынына 2 алтын және 2 қола жүлде түсті.
Атап айтар болсақ, 44 келідегі Саят Әбдуали Иран балуаны Кейван Аршадгасабсарайдан, 52 келідегі Бекасыл Асамбек жапондық Тайга Хибаринодан басым түсіп, Азия чемпионы атанды.
Бұдан бөлек 48 келідегі Ералы Әскербек пен 85 келідегі Нұрислам Шалқаровтар қола жүлдені қанағат тұтты.
Ертең жарыс жолына U20 грек-рим балуандары шығып, 55, 63, 77, 87 және 130 келіде мықтылар анықталады.
Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ,
ФОТО: Күрес түрлері федерациясы