• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Даниал Рахматуллаев әлемдегі үздік 200 жас теннисшінің қатарына қосылды

    Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті. Бұл туралы Теннис федерациясы хабарлады.

    Теннисші Даниал Рахматуллаев Ирандағы екі бірдей жарыста жеңімпаз атанып, 284-тен бірден 189-орынға көтерілді.

    Сөйтіп, ол әлемдегі үздік 200 жасөспірім теннисшінің қатарына кірді.

    Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындап қалды. Қазір ол 150-сатыда тұр. Сондай-ақ Максим Батютенко – 176, Виталий Зацепин – 235, Әмір Омарханов – 265, Ілияс Маратұлы – 273, Данир Қалдыбеков – 391, Жақас Қозыбақ 442-орынға жайғасты. Заңғар Нұрланұлы 637-ден 537-орынға көтерілді.

    Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова – 141, Сандуғаш Кенжебаева – 156, Дана Байдәулет – 176, Айя Нұпбай – 193, Ульяна Романова – 403, Полина Слепцова – 447, Іңкәр Дүйсебай – 477, Дильназ Машабаева 498-орында келеді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *