Әділбек Мусин суға жүзуден Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 23.74 нәтижесімен мәреге жетіп, алтын медальді жеңіп алды. Финалда тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді. Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші орын алса, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып ...
Read More »Tag Archives: Азия чемпионаты
Су спортынан АЧ: Қазақстан екі күміс медаль жеңіп алды
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионатының екінші күні аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бұл сында Глеб Коваленя еркін әдіс бойынша 50 метрге 22.81 секундта, ал Айбат Мырзамұратов брасс әдісімен 50 метрге 28.04 секундта жүзіп, күміс медаль алды. Қазақстан құрамасының өзге көрсеткіштері: Артур Миронов – 5-орын, 50 м брасс, 28.31 Әділбек Мусин – 6-орын, ...
Read More »Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен 11-ші Азия чемпионаты болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыстың алғашқы күні жүзуден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды: Күміс медаль: Максим Сказобцов – 100 м баттерфляй, 52.66 Күміс жүлде: София Әбубәкірова – 50 м шалқалай жүзу, 28.90 Қола медаль: Софья Сподаренко – 100 м баттерфляй, 1:01.14 ...
Read More »Дзюдодан АЧ: Қазақстан құрамасы тағы алтын жүлде алды
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Ел құрамасынан Інжу Жұмажан (57 кг) алтын, Тоғжан Төлебай (70 келіден аса салмақ) күміс жүлде алса, Ерасыл Болатбек (81 кг), Ұлдана Қожаназарова (70 кг) мен Ердәулет Жұмабай (90 кг) қола жүлдеге ие болды. Бүған дейін Азия чемпионатының алғашқы күні ел құрамасынан Фархат ...
Read More »Дзюдодан АЧ: Қазақстан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынына Индонезияның астанасы Джакарта қаласында басталған Азия чемпионатында 1 алтын, 3 күміс және 5 қола түсті. Ел құрамасынан Фархат Зейнолла (50 кг) чемпион атанса, Бекнұр Амангелді (55 кг), Таңжарық Момынтай (60 кг), Заманбек Бақтығали (66 кг) күміс медаль алды. Ал Әбіш Пердалы (50 кг), Аслан Ерғалиев (55 кг), Зере Талғатқызы (40 кг), Аяжан Ринатқызы (48 кг) ...
Read More »Дзюдодан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы төрт жүлде алды
Қытайдың Ханчжоу қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы үшін жарыс аяқталды. Қазақстанның дзюдошылар құрамасы құрлықтық жарыстан 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде алды. Соның нәтижесінде жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Ұлттық құрамадан Ермек Амангелді (73 кг) кубоктың иегері атанса, Табылды Бигембаев (66 кг) пен Әлішер Слямжанов (90 кг) күміс, Ұлықбек Әбілқайыр (66 кг) қола медаль ...
Read More »Бокстан биылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының салмақ дәрежелері бекітілді
Биыл Бахрейнде жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары жалауын көтереді. Осы дүрмекті доданың алдында бокс жекпе-жектерінің салмақ дәрежелері ресми түрде бекітілді. Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, жекпе-жектер Exhibition World Bahrain көрме орталығында болады. Оған 2009–2010 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Ұлдар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келіге 75 келіге дейін және ...
Read More »Мергендер Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алды
16–30 тамыз аралығында Шымкент қаласында нысана көздеу спортынан өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Қазір ұлттық құрама команда 9 медальді атап айтқанда, 2 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлдені жеңіп алды. Елімізге алғашқы алтынды Ислам Сатпаев сыйлады. 10 метрлік пневматикалық винтовка жаттығуының финалында Алматы қаласының өкілі, Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері қытайлық және кореялық қарсыластарын ...
Read More »Стенд атудан Қазақстан құрамасы – Азия чемпионатының күміс жүлдегері!
Стенд атудан Шымкент қаласында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан-1 командасы екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Аралас жұптық сында Қазақстан-1 командасы екінші орын алды. Скит бағдарламасында тәжірибелі Анастасия Молчанова мен Эдуард Ещенко жұбы аса тартысты өткен финалда Қытай-2 құрамасына (Хан Сюй, Цзян Итинь) есе жіберді Есеп: 40-42. Осы жаттығуда қола жүлдені Қатар мен ...
Read More »Қазақстан слаломды есуден Азия чемпионатында екі медаль алды
Слаломды есуден Қытайдың Сяси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Александр Коробов пен Екатерина Таранцева «байдарка-кросс» сынында көзге түсті. Коробов екінші орын алса, Таранцева қола жүлдегер атанды. Бұған дейін Таранцева «байдарка жалғыз» жарысында күміс медаль алған болатын. Ал Александр Куликов пен Анастасия Ананьева «каное жалғыз» сайысында қола жүлде иеленген еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА ...
Read More »