Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы алтын медаль түсті.
Ол 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде 104 кг, серпе көтеру 133 кг салмақ зілтемірді басынан асырды. Сөйтіп, қос сайыс қорытындысында 237 кг нәтиже көрсетіп, үш алтын жүлдені жеңіп алды.
Сөйтіп, Аянат Жұмағали 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Азия чемпион атанды.
Екінші орынды Өзбекстан спортшысы Дильнура Холдорова иеленді. Ол қоссайыста 224 кг (101+123) нәтиже көрсетсе, үздік үштіктен оның отандасы Дильноза Файзуллаева көрінді. Өзбекстан атлетінің қоссайыстағы нәтижесі — 223 кг (100+123).
Бұған дейін жасөспірімдер арасында Снежана Кашкарова (57 кг дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 кг дейін) пен Ақжол Құрманбек (85 кг дейін) алтын медаль жеңіп алды. Ал ұлдар мен қыздар арасындағы жасөспірімдер санатында Ксения Прозорова (61 кг дейін) чемпион атанды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары