• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Азия чемпионы

    Ауыр атлетика: Нұржан Жұмабай Азия чемпионы атанды

    Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын мен қола медаль түсті. Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (159+195) келіні көтерді. Әлихан Әскербай дәл осы салмақта жасөспірімдер арасында үшінші орын алды. Отандасымыз қоссайыстың нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні басынан асырды. 77 ...

    Read More »

    Ауыр атлетика: Аянат Жұмағали – Азия чемпионы!

    Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы алтын медаль түсті. Ол 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде 104 кг, серпе көтеру 133 кг салмақ зілтемірді басынан асырды. Сөйтіп, қос сайыс қорытындысында 237 кг нәтиже көрсетіп, үш алтын жүлдені жеңіп алды. Сөйтіп, Аянат Жұмағали 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Азия ...

    Read More »

    Шахматтан АЧ: Қазақстан командасы бес алтын жүлдемен келе жатыр

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында  шахматтан XXVII жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы. Жасөспірім шахматшылар бағдарламаның үш түрі – классика, рапид және блиц бойынша 11 медаль жеңіп алды. Оның бесеуі – алтын жүлде. Милана Филиппова (G10) мен Мария Холявко (G14) – классикада, Әміржан Әнетов (O10) – рапидте, Әлішер Әбдісаттар (O14) мен Әсия Асылхан (G16) – блицте Азия ...

    Read More »

    Әділбек Мусин жүзуден Азия чемпионы атанды

    Әділбек Мусин суға жүзуден Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 23.74 нәтижесімен мәреге жетіп,  алтын медальді жеңіп алды. Финалда тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді. Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші орын алса, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып ...

    Read More »

    Таеквондодан АЧ: Қазақстан жастар құрамасы 11 жүлде алды

    Таеквондодан жастар арасында Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде де Қазақстан құрамасының қоржыны жүлдемен толықты. Бұл жолы спортшылар төрт медаль алды. Құрама командада Аружан Найманбаева (68 кг) Азия чемпионы атанды. Ал Ринат Елібай (51 кг), Павел Эм (59 кг) пен Ақбота Желеу (46 кг) қола жүлдені иеленді. Бұған дейін Бунед Бахрамкулов (45 кг) пен Айым Серікбаев ...

    Read More »

    Параволейболшылар алғаш рет Азия чемпионы атанды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы  Азия чемпионы болды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Қазақстан командасы финалда Қытай құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салды. Алғашқы екі партияда алаң иелері 25:15, 25:19 есебімен басым түсті. Үшіншісінде отандастарымыз 25:19 есебімен есе қайтарды. Төртінші сетте алдымен қытайлықтар 10:5 есебімен алға шықты. Дегенмен Бауыржан Тахауовтың командасы таразы басын теңестіріп, 25:20 есебімен жеңді. Бесінші партияда қытайлықтар ...

    Read More »

    Нариман Курбанов тағы да Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Нариман Курбанов өзінің оң жамбасына келетін тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда топ жарды. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері финалда 14.933 ұпай жинады. Күміс жарыс қожайыны Ван Хурдың (14.633 балл), қола Вьетнам өкілі Дан Хуан Тиенге ...

    Read More »

    Нора Джеруто Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Нора Джеруто 9:10.46 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Дейзи Джепкемей (9:12.46) қола жүлдені иеленді. Ол бұған дейін Азия чемпионы атанған еді. ...

    Read More »

    Ауыр атлет Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды

    Ауыр атлет Алексей Чуркин жастар арасындағы Азия чемпионатын жеңіп алды. Ол жарыста 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келіні көтерді. Екінші орынды ирандық Илия Салехипур еншіледі. Атлет 356 (161+195) келіні көтерсе, қола медальді тағы бір ирандық Аббаспур Алиреза жеңіп алды. Ол 355 (159+196) келіні басынан асырды. Жақында Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем ...

    Read More »

    Ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды

    Қазақстан құрамасы Қатардың Доха қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Ол қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні көтерді. Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келіні басынан асырса, үшінші орынды тағы бір Иран елінің атлеті Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келіні ...

    Read More »