Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгі жастар арасында Андрей Ремхе мәреге бірінші болып келді. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, ол белгіленген 30 шақырымды 36:11.058 секундта жүріп өтті. Одан кейін мәреге қытайлық Жу Цзиньян мен индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан жетті. Бірнеше күн бұрын аралас командалық сында Ұлттық құрама чемпион атанған болатын. Ол кезде Қазақстан құрамасы ...
Read More »Tag Archives: Азия чемпионы
Парадзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
Парадзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Азия чемпионатының командалық жарысында топ жарды. Айналмалы жүйе бойынша өткен белдесуде ел құрамалары қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Қазақстан парадзюдо федерациясының хабарлауынша, Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Өзбекстан командасын 3:1 есебімен жеңді. Альфия Тілекқабыл, Ақмарал Науатбек және Динара Кужулова құрамаға жеңіс сыйлады. Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болса, Үндістан спортшылары үздік үштікті қорытындылады. ...
Read More »Азамат Дәулетбеков — екі дүркін Азия чемпионы!
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков қатарынан екінші рет Азия чемпионы атанды. Ол былтыр Моңғолияның астанасы -Улан-Батор қаласында жалауы желбіреген құрлықтың чемпионатында алғаш рет алтын жүлдені жеңіп алған болатын. Енді міне, ол 86 келіге дейінгі салмаұта тағы та топ жарды. Азамат Дәулетбеков Иран елінің өкілі, үш дүркін Азия чемпионы Алирез Каримимачианиді жеңді. Осылайша ол ...
Read More »Жәмила Бақбергенова – үш дүркін Азия чемпионы! (ВИДЕО)
Астана қаласында әйелдер күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні 72 кг салмақта бозкілемге шыққан Жәмила Бақбергенова алтын жүлдені жеңіп алды. Ол осымен үшінші рет әр жылдары (2020, 2022) өткен Азия чемпионатының құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Яғни, құрлықтың үш дүркін чемпионы атанды. Сонымен бірге ол әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Жәмила Бақбергенованың финалдағы қарсыласы Жапонияның балуан қызы ...
Read More »Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурда өткен Азия чемпионатында Таиланд ватерполистерін ұтып, алтын медальді жеңіп алды. Бұл туралы Zakon.kz. хабарлады. Қазақстан әйелдер құрамасы құрлықтықтық чемпионатта Таиланд командасын екінші рет жеңді. Осылайша, тай қыздарын жеңген еліміздің әйелдер құрамасы қарсыластарын шаң қаптырып, мерзімінене бұрын Азия чемпионы атанды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Қазақстан азаматтығын алған Каролин Чепкоеч Кипкируи Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)
Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күні еліміздің спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, құрмет тұғырынан көрінді. Кешкі сессияның алғашқы финалында Қазақстан қоржынына бірінші медаль түсті. Еліміздң азаматтығын алған Каролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде мәреге бірінші келіп, чемпион атанды. Ол мәреге 9 минут 01.98 секундта жетті. Оның соңынан қытайлық Уга Хэ келіп, күміс жүлде ...
Read More »Тағы екі қазақ боксшысы Азия чемпионы атанды
Бокстан Таиландтың астанасы Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбайдың ізін ала 54 кг салмақтағы Нұрсұлтан Алтынбек пен 57 кг салмақта шаршы алаңға шыққан Махмұд Сабырхан да алтын медальді жеңіп алды. Финалда Нұрсұлтан Алтынбек филиппиндік Флинт Джарамен кездесіп, оны қиналмай ұтты. Ал Махмұд Сабырханның қарсыласы тай боксшысы Саравут Суктхет отандасымызға лайықты қарсылық танытты. Алайда, Махмұд Сабырхан шаршы ...
Read More »Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атағын жеңіп алды
Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай 48 кг салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Ол финалда Өзбекстан өкілі Шодиержон Меликузиевпен қолғап түйістіріп, оны айқын басымдықпен ұтты. Сөйтіп, төрешілердің шешімі бойынша Санжар Тәшкенбай халықаралық жарыста тағы да құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол бұған дейін де ересектер арасында Азия чемпионы болған. ...
Read More »Боксшы Жасмин Қизатова мен Гүлсая Ержан Азия чемпионы атанды
Таиландтың астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жасмин Қизатова мен Гүлсая Ержан бас жүлдені жеңіп алды. Жасмин Қизатова 70 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Азиза Зокировамен кездесті. Бұл кездесу өте тартысты және қызықты өтті. Онда отандасымыз қарсыласына дес бермей, үш раундта да босаңсымай, 3:2 есебімен ұтты. Осы жеңіс Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде әкелді. Содан кейін ...
Read More »Еркін күрес: Лаура Алмағанбетова Азия чемпионы атанды
Лаура Алмағанбетова еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионы атанды. Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, United World Wrestling ұйымы Лаура Алмағанбетоваға арнайы хат жолдаған. Онда Бішкекте өткен Азия чемпионатының финалында Лаурамен белдесіп, алтын медаль жеңіп алған үнді балуанының допингке қарсы талаптарды бұзғаны жазылған. Осылайша чемпионаттың 57 келіге дейінгі салмақтағы алтын медалі Лаула Алмағанбетоваға беріледі. Лаура Жақсылыққызы Қостанай облысында туған. ...
Read More »