Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты Аделаида Пчелинцева мен Арсен Қожахметов құрлықтың рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.
Пчелинцева брасс әдісімен 50 метрге суға жүзуден А тобында бірінші орынды алса, Қожахметов те брасс әдісі бойынша 50 метрге жүзуден Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Аделаида Пчелинцевадан кейін екінші және үшінші орынды Таиландтың спортшылары иеленді. Ал Арсен Қожахметовтен кейін мәреге келген Гонконгтың өкілдері күміс пен қола жүлдені қанағат тұтып, медальдарды бөлісіп ала қойды.
Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз Диана Жұмағұлова мен Анабелла Кочкина суға тұғырдан секіруден 178.41 ұпай алып, бірінші орынды жеңіп алды. Бұл сында Индонезия мен Гонконгтың қыздары екінші және үшінші орынға ие болды.
View this post on Instagram
View this post on Instagram
View this post on Instagram
View this post on Instagram