• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    InDrive компаниясы

    Елімізде мың футбол добынан тұратын алаң пайда болды (ВИДЕО)

    Алматы облысында мың футбол добынан тұратын үлкен алаң ашылды. Бұл жоба «Мүмкіндікке толы футбол алаңы» деп аталады. Оны шағын қалалар мен ауылдарда, яғни балалар тәжірибелі тәлімгермен бірге спортпен шұғылдана алмайтын жерлерде, тегін жаттығулар ұйымдастыратын коммерциялық емес Supernovas балалар жобасы жасады.

    Мың доптан тұратын алаң балалар футболына назар аудартып, елімізде батыл идеяларды іске асыруға болатынын дәлелдеуге бағытталған.

    Supernovas үшін балалар әрдайым бірінші орында. Біз олардың бастамаларын қолдап, таланттарын дамытып, өзіне деген сенімділікті қалыптастырамыз. Біздің командамыз үшін әр бала — жұлдыз, біз олардың барлық жетістігін мақтан тұтамыз. Біздің бапкерлер жай ғана жаттықтырушылар емес, олар — ойын техникасымен қатар, өмірлік кеңестерін де айтып отыратын тәлімгерлер. Біз бапкерлер құрамын оқыту кезінде жауапкершілік танытып, оларға түрлі ресурстар және әдіскерлер мен психологтардың көмегін де ұсынамыз, — делінген Supernovas-тың хабарламасында.

    Supernovas — 2022 жылдан бастап бүкіл Қазақстан аумағында 9 секция ашқан InDrive-тың халықаралық бастамасы. Supernovas-тың басты құндылықтары: қауіпсіздік, ашықтық, позитив, тұлғалық даму, жауапкершілік пен командалық рух.
    Supernovas туралы толығырақ supernovas.indrive.com жоба сайтынан білуге болады.

     

    InDrive компаниясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *