• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еркін күрес: Ерхан Бексұлтанов Азия чемпионы атанды

    Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлеріненАзия чемпионатының (U15&U20) соңғы күні U20 еркін күрестен 5 келі салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, балуандарымыз ел қоржынына 4 жүлде салды.

    Атап айтар болсақ, 74 келіде сынға түскен Ақмола облысының балуаны Ерхан Бексұлтанов финалда Иран елінің өкілі Хосейн Аббас Мұхаммадты 10:0 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды.

    Бұдан бөлек 61 келіде сынға түскен Әбдінұр Нұрланбек кореялық Хун Минді 8:1, 86 келідегі Иманғали Қалдыбек өзбек Искандарбек Тожибоевты 4:2 және 92 келідегі Нұрдәулет Бекенов моңғол Делгердалай Демберелді 12:0 есебімен ұтып, құрлық чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

    Еркін күрестен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте қола жүлдегер атанды.

    Осылайша, Амман төрін тоғыз күн бойы дүбірге бөлеген Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасын тамаша жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!

     

    Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ,

    ФОТО: Күрес түрлері федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *