• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram.com/qaz_olympics/

    Су спортынан АЧ: Қазақстан Азия рекордын жаңартты

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Ксения Игнатова мен Егор Попов сары құрлықтың рекордын жаңартып, алтын медальді жеңіп алды.

    Ксения Игнатова 100 метрді  1 минут 04 секундта шалқалай жүзіп, ал Егор Попов 100 метрді 56 сенудтта жүзіп чемпион атанды. Сөйтіп, екеуі де Азия рекордын жаңартты.

    Диана Тасжанова мен София Әбубәкірова да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Диана 400 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс медальді, София 200 метрге осы әдісте жүзуде қола жүлдені иеленді.

    Осымен бүгін әзірше Қазақстан спортшылары 4 жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін хабарланғандай, 1 метрлік тұғырдан суға секіру жекелей сайысында ұлдар арасында Назар Қожанов 357.75 ұпай алып, күміс медальді, қыздардың бәсекесінде Диана Жұмағұлова қола жүлдені иеленді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *